«Дәрігерлер қыздардың пәк немесе пәк емес екенін білуі керек»: – министрлікте пікір екіге жарылды
Коллаж: Orda.kz
Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник дәрігерлер жас қазақстандықтардың "пәктік" мәртебесі туралы білуі маңызды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Вице-министрдің бұл пікірі денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың пайымына қарсы. ҚазҰУ-дың «пәк қыздар» тізімі жарияланып, жанжал туғаннан кейін министр ведомстводағы қажетсіз тізімдерді, оның ішінде қазақстандықтардың интимдік статусын сұраудан бас тартуға ниетті екенін мәлімдеген.
Вице-министрдің айтуынша, медициналық деректерді үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
«Егер студенттердің гастрит, уролития туралы басқа диагнозы жайлы ақпарат тараса, мұндай сұрақтар туындар ма еді? Дербес деректерді сақтау туралы заң бар. Бірақ тексеруден өту стандарты да бар. Әйел тексеруге келсе, ол "вирго ма", жоқ па - тексерудің де әр түрі болады. Егер әйел жыныстық өмір сүрсе, флораға, жыныстық инфекцияларға талдау жасап, контрацепция әдістерін талқылау керек. Бұл дәрігердің құзыретіне кіреді. Дәрігер пациенттің амбулаториялық картасына жазып, тіркеуі тиіс. Бұл ақпарат жинаудың стандартты процедурасы», - деді Дудник.
Вице-министр дәрігерлер сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін аурулармен, туберкулезбен, онкологиямен ауыратындардың тізімін жүргізетінін айтты. Бұл ер азаматтар үшін де маңызды.
«Сіз бізге бұл деректерді жинамауды, тексермеуді ұсынасыз ба? Біз суперақпараттандыру кезеңінде өмір сүріп жатырмыз және бұл мәліметтерді дербес деректер туралы заң бойынша жақсы қорғау қажет», - деп нақтылады Дудник.
Ол сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі «пәк қыздардың» тізімін жалпы чатқа «біріктірген» медбикенің болашақ тағдыры туралы білмейтінін айта кетті.
Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха «пәк қыздар» тізімінің жариялану жағдайында дербес деректер туралы заң бұзылған деп мәлімдеді. Ол зардап шеккен студенттердің өтініш жазуына немесе жазбауына қарамастан қылмыстық жауапкершілікті қарастырылатынын жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық