Дәрігерлер көрсетілмеген қызметтерді мобильді қосымшаға енгізген
Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді қосып жазудың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеуге кірісті.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«Соңғы уақытта көптеген пациенттер өздерінің мобилдік қосымшаларында медициналық қызметтер туралы жазбаларды байқады. Олардың айтуынша бұл қызметтер көрсетілмеген. Қосып жазылған қызметтер экономикалық зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сеніміне нұқсан келтіреді. Қолданыстағы бақылау мен мониторинг жүйелеріне қарамастан, олар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жеткіліксіз екені анық» деп мәлімдеді министрлік.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді қосып жазудың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеуге кірісті. Ұсынылған цифрлық шешімдердің ішінде:
- Пациенттің мобилдік қосымшасы арқылы медициналық көмекке баруды және қабылдауды растау.
- FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.
- QR-кодын немесе пациенттің бірегей цифрлық құжат кодын сканерлеу.
«Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін ұсынылған тетіктерді бағалау жүргізіледі».
Бұл шараларды енгізу қосып жазудың санын едәуір азайтуға және пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі.
Жаңалықтар
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты