«Дәрігерлер кешікті, аппарат істемеді»: 5 жасар қыздың азапты өлімі
Фото: Pixabay.com
Атырау тұрғыны Әйгерім Хамидуллина облыстық аурухана дәрігерлерін жауапкершілікке тартуды талап етті. Медицина қызметкерлерінің немқұрайлылығы салдарынан оның бес жасар қызы қайтыс болған, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
«Дәрігерді ұзақ күттік»
Қайғылы оқиға шамамен бір апта бұрын болған. Анасының айтуынша, қызын жедел жәрдем ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оған система қойған, бірақ кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
«Менің сүйікті қызым ауруханада көз жұмды. Тамыр арқылы дәрі салғанға дейін мониторда сатурация 100 %, ал пульсі 137 болған, бұл тахикардияны білдіреді. Дәрі салынған кезде оның жүрегі соғуын тоқтатты. Біз дәрігерді ұзақ күттік», – дейді қайғыдан қан жұтқан ана.
Дәрігерлер қызды құтқаруға тырысқан, бірақ Әйгерімнің айтуынша, оттегі беру аппараты істемеген, ал дәрігерлерді адреналин салуға сөзбе-сөз көндіруге тура келген.
«Дәрігерлер оған оттегі берді, бірақ аппарат істемеді. Мен мұны байқап, ескерттім. Кейін қызымның жүрегі тағы да тоқтағанын көрдім. Тек содан кейін ғана жүрекке массаж жасай бастады. Адреналин салуды өзім сұрадым. Неге мен оларға үйретуім керек?» – деп есіне алады Әйгерім Хамидуллина.
Анасының айтуынша, ол дәрігерлерге бәрін өзі айтып отырған, бірақ олар баяу әрі сенімсіз әрекет еткен. Ұзақ уақыт бойы жүрекке массаж жасағанымен, екі сағаттан кейін ғана укол салып, дефибрилляторды мүлде қолданбаған.
«Мен шыдай алмай, палатаға кірдім. Қызым интубациялық түтікшені тістеп, өмір үшін күресіп жатты. Егер дефибриллятор болғанда, мүмкін, Жасмин тірі қалар еді. Бірақ дәрігерлер абдырап қалды, мен бәрін өзім айтып отырдым», – дейді Әйгерім Хамидуллина.
Әйел кінәлі дәрігерлердің жауапқа тартылуын талап етті. Қазіргі таңда Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді