Дариға Назарбаева жарты миллион табуды ұсынады - видео желілерде тарап жатыр
Ғаламторда Дариға Назарбаева қазақстандықтарға екі сағатта 500 мың теңге табуға мүмкіндік беретін жоба туралы айтып жатқан видео пайда болды.
Белгілі болғандай, бұл фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Негізі бұл видеоның түпнұсқасы осыдан үш жылдан астам уақыт бұрын ҚР Сенатының жалпы отырысында түсірілген.
«Бұл кездесу туралы сюжет «Хабар» телеарнасында 2019 жылдың 20 желтоқсанында жарияланған және әлі күнге дейін YouTube желісінде бар. Түпнұсқа видеода сол кездегі Сенат спикері қызметін атқарған Дариға Назарбаева мемлекет туралы, елдегі теміржол саласы жайында әңгімелейді. Ешқандай тез ақша табуға уәде беретін жаңа жоба туралы емес» делінген хабарламада.
Бейнебаян авторы оны жалған дауыспен, бастапқыда болған жазбаны алмастыру үшін кадрларды кесіп, өңдеген.
Пайда болған жарнамалық бейнеде жылдам ақша табу туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Әдетте, алаяқтар оңай ақша табудың осындай түрлерін тықпалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық