Дариға Назарбаевa әуежайда немерелерімен бірге жүр
Фото: Сырым Итқұлов
Дубайдан Астанаға ұшқан Дариға Назарбаева әуежайда немерелерімен бірге бой көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы блогер Сырым Итқұлов өзінің телеграм арнасында жазды. Итқұловтың сөзінше Дариға Назарбаева Дубайдан Астанаға немерелерімен бірге ұшпақ болғанда көзге түсті.
Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін мәжіліс депутаты мандатын өзі тапсырып, саяси әлемнен алыстады.
Сонымен қатар, осыған дейін мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 қаулыға өзгерістер енгізуді көздейтіні айтылды. Ұсынылған өзгеріске сәйкес, кеңес құрамынан бірнеше танымал тұлға шығарылмақ. Олардың қатарында Дариға Назарбаева бар.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасынан бірінші президент пен оның қыздары және күйеу баласының ЖСН нөмірлері жоқ екенін анықтаған болатын. Топшылап көрсек, бәлкім бұл азаматтар Қазақстанда тұрмауы мүмкін. Себебі ЖСН-нің күшін жоюдың бір себебі — азаматтың тұрақты тұру үшін басқа мемлекетке көшіп кету.
Сондай-ақ, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түсті. Бауыржан Байбектің Жапонияда түскен суретін Bakordamems инстаграм парақшасы жарияланды. Парақшада экс-әкімнің сакураның гүлдегенін көруге ұшып кеткені жазылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық