«Daricorn жанжалдың ортасында қалды»: блогерге жауап берген бала буллингке ұшырады
Коллаж: Orda.kz
Балалар құқығын қорғау комитеті Алматыдағы блогердің бейнежазбасынан кейін баласы буллингке ұшыраған ананы қорғауына алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Ольга Колузанова есімді келіншек Daricorn деген лақап атымен танымал миллионер блогердің бейнежазбасынан кейін ұлы буллингке ұшырағанын айтқан. Блогер тоғыз жасар баланы ата-анасының рұқсатынсыз бейнеге түсіріп, бейнесіне ұятты сөз жазған.
2024 жылдың жазында блогер Дариға Нұркеева өзінің «Qatty tatty» кафе желісінің жарнамасын түсіріп жүріп, көшедегі балаға сұрақ қояды. Бала «Пицца» деп жауап берді. Алайда блогер кадрларға бұрмаланған мәтінді қойып қояды. Осыдан кейін, 9 жастағы бала мектепте және футбол үйірмесінде буллингке ұшырады.
«Баланың анасымен комитет төрағасы Насымжан Оспанова жеке өзі хабарласты. Отбасын жан-жақты қолдаймыз. Сот талқылауы басталған жағдайда комитет баланың құқығы мен мүддесін соңына дейін қорғайды», — деп атап өтті комитет.
Айта кетейік, 8 наурызда Тараздық блогер әрі «Болашақ плюс KZ» қоғамдық бірлестігінің өкілі Абай Жүндібаев ұсталған еді.
Жаңалықтар
- Қытай өзінің мұнай компанияларына АҚШ санкцияларын елемеуді бұйырды
- Еліміздің қажыларына Пайғамбар музейіне барғанда жеңілдік беріледі
- Астанада 20 жастағы жігіт тісін емдеймін деп барып, өмірінен айырылды
- Жұқпалы аурулар маманы: Екпе ауру қоздырады деген — қауесет
- Таяу Шығыс: Трамптың тұрақсыздығы, Ормуз бұғазы — шешілмеген шиеленіс
- «Kazakh Tazy» аясында ұлттық тұқымға қызығушылық артты
- Этносаралық «Алтын шаңырақ» айтысында неміс ұлтының өкілі тамаша өнер көрсетті
- Смадияров: Польшада ұсталған қазақстандық Тоқаевтың арқасында босатылды
- Трамп Конгреске Иранға қарсы соғыс қимылдары аяқталғаны туралы хат жолдады
- Таразда гимназия аумағында оқушы биіктен құлап, ауыр жарақат алды
- Түркістан облысының құтқарушылары 81 адамды эвакуациялады
- Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
- Иран АҚШ-пен бейбіт келіссөздер барысында жаңа ұсыныс жолдады
- Астанада ер адам баласы бар арбаның жанында әйелін ұрған: Бейне желіге тарады
- СҚО-да ер адамның мәйіті бірнеше күн бойы төсектің астында жатқан: Әйел 14 жылға сотталды
- Ақмола облысында «Қазгидромет» қызметкері бір айға жуық уақыттан бері табылмай жатыр
- Жамбыл облысында жанармайды заңсыз әкету схемасы әшкереленді
- Польша Қазақстанның әскери атташесі Әнуар Бәкібайды босатты
- Төсекке байлап қойып, үнемі ұрып-соққан: 26 жастағы ер адам туған қызын өлтірген
- Блогер Қайсар Қамза қамауға алынғаны туралы ақпараттан кейін Вьетнамнан видео жариялады