Дариға Назарбаеваның күйеуінің орнын басқан Сердиев туралы тың ақпарат пайда болды
Фото: ашық дереккөзден
Жақында «ҚазТрансГаз» АҚ-на Ибулла Сердиев басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Дариға Назарбаеваның бейресми күйеуі Қайрат Шәріпбаев атқарған болатын.
Белгілі болғандай, Шәріпбаев пен Сердиевтің тағдыры бір-бірімен өте тығыз байланысты.
2002 жылдан 2004 жылға дейін Шәріпбаев ҚТГ еншілес кәсіпорны – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ-да газ тасымалдау және маркетинг департаментінің директоры және бас директордың маркетинг және коммерция жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2003 жылы Сердиев келісім-шарттар мен тендерлік процедураларды қадағалау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды және ол бұл қызметте 2005 жылға дейін болды.
2005 жылы Шәріпбаев «Қазақстан темір жолы» компаниясының коммерция жөніндегі басқарушы директоры және кеңесшісі болды. Бір жылдан кейін Ибулла сол жерде, яғни ҚТЖ-да сатып алуды бақылау және мониторинг бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды.
2006-2009 жылдар аралығында Шәріпбаев «Данко» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне кетті. Дәл осы кезеңде Сердиев ақпарат алаңынан жоғалып, «бизнес құрылымдарында жоғары лауазымдарда жұмыс істейтін» адам ретінде тізімге алынған.
2009 жылы Шәріпбаев «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры болып тағайындалды, ол бұл қызметте 2014 жылға дейін болды. Сол жылы Сердиев жетекші маман, кейін бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Шәріпбаев қазан айында ҚТГ-ға бас директор болып кетті. 2015 жылы Сердиев ҚТГ басқарма құрамына кіріп, Шәріпбаевтың кеңесшісі қызметін атқарды. Көп ұзамай ол бұл қызметтен кетіп, «Интергаз Орталық Азия» директорлар кеңесінің төрағасы болды.
2015 жылдың желтоқсанында Шәріпбаев ҚТГ бас директоры қызметінен кетіп, сол айда Сердиев бас директордың орынбасары болып тағайындалды. Алты айдан кейін ол бірінші орынбасарлыққа көтерілді.
2016 жылдың тамыз айынан бастап Шәріпбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ газ тасымалдау және маркетинг жөніндегі вице-президенті болып, 2019 жылдың ақпанына дейін басқарма төрағасының орынбасары лауазымында бағын сынап келді. 2019 жылдың тамыз айында Сердиев сол департаменттің аға вице-президенті болып тағайындалды.
2020 жылдың қарашасында Шәріпбаев ҚТГ басқарма төрағасы лауазымына келді. Сол айда Сердиев оның бірінші орынбасары болды.
Сондай-ақ Сердиевтің Qazaq Banki құрылтайшыларының қатарында болғаны және 2014 жылы банк акцияларының 9%-ға жуығына ие болғаны белгілі. Қайрат Шәріпбаевта Qazaq Banki акцияларының белгілі бір бөлігі болды. Акционерлердің қатарында Дінмұхамет Ыдырысов тіркелген, ол Банк RBK-ның 9,9%-ға жуығына ие еді, оның негізгі қатысушысы Шәріпбаев болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық