Дариға Назарбаева маңызды мәлімдеме жасады
Фото: Турар Казангапов
Коронавирустық пандемия, экономикалық және әлеуметтік катаклизмдер әлемді адам танымастай өзгертті. Бұл туралы Еуразиялық медиафорумның ашылу салтанатында ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Біз бұл кездесуді екі жыл күттік. Пандемияға байланысты екі жыл бойы алаңдаушылық пен қорқынышта өмір сүрдік, өкінішке орай, көпшілігіміз жақындарымыздан айрылдық. Осындай қиындықтарға қарамастан, біз бүгін сіздермен тағы да жиналдық. Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше мәнге ие – бұл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Тәуелсіздіктің 30 жылы – бейбітшіліктің 30 жылы және заманауи мемлекеттілік пен азаматтық қоғам институттарын құрудың 30 жылы, - деді Дариға Назарбаева.
Дариға Назарбаева 30 жыл бұрын Кеңес Одағының ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына әкелгенін еске алды.
– Соңғы 30 жылдық тарих көрсеткендей, тұрақты саяси, әлеуметтік, экономикалық жүйесі, саяси және азаматтық мәдениеті қалыптаспаған дамушы елдерде даму траекториясы мемлекет басшысына байланысты. Әр түрлі саяси жүйелердің артықшылықтары туралы теориялық тұрғыдан ойлауға болады. Иә, бастапқы жағдайлар мен табиғи ресурстар орасан зор рөл атқарады, бірақ негізгі дүние – көшбасшының жеке басы, елдің әлемдегі орны мен оның болашағы туралы көзқарасы. Бұл тұрғыда Қазақстан тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке еңбегінің арқасында ерекше орын алады. Оның басшылығымен біздің еліміз қысқа тарихи кезеңде шынайы, мемлекеттік егемендікке ие болудың, толыққанды заманауи экономика мен қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік саланы құру жолынан өтті, - деді ол.
Дариға Назарбаева бүгінгі Қазақстан әлемдік саясатта да, Орталық Азия аймағында да белсенді позицияны иеленетін жауапты мемлекет екенін атап өтті.
– Соңғы үш онжылдықта Қазақстан аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты мемлекет ретінде әрекет етті. Қиын уақытта біз әрқашан бауырлас республикаларға көмектестік. Оларға азық-түлік, астық, жанармай, техникамен жібердік. Бәрімізді көршілес Ауғанстанда болып жатқан жағдай алаңдатып отыр, - деді ЕАҚҚ төрағасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық