Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатпақшы
«Дариға Назарбаева КТК телеарнасын сатып жатыр» деген қауесет негізсіз емес, шындыққа айнала бастағанға ұқсайды.
Бұл туралы «БЕСсимптомно» Telegram-арнасы хабарлайды.
Ақпанның 28-і күні Алматыда «Коммерциялық телеарна» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді.
Күн тәртібі:
- «КТК» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайту.
- «КТК» АҚ жарияланған акцияларын шығару ісіне өзгерістер енгізу және өзгерістерді уәкілетті органда тіркеу.
Бірінші кездесу өтпесе, екіншісін 1 наурыз күніне белгілеу.
«КТК» АҚ жәй акцияларының санын көбейтіп, сол арқылы негізгі акционерлердің бірінің үлесін сейілтуі ықтимал. Яғни, осылайша КТК телеарнасының меншік иесінің ауысуы әбден мүмкін» делінген хабарламада.
«КТК» АҚ-ның негізгі акционері – 91,35% акциясы бар Дариға Назарбаева басқаратын «Нұрсұлтан Назарбаев» жеке қоры.
Бұған дейін хабарлағандай, Дариға Назарбаеваның 18 ақпанда Алматыдағы КТК телеарнасына барғаны туралы ақпарат болған, бірақ арнаның өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Одан кейін, Сергей Киселев «Еуразия» арнасынан кетіп, «Хабар» мен КТК иелері де ауысады деген ақпарат шықты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық