Дариға Назарбаева депутаттық өкілеттігін тоқтатты – БАҚ
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл жөнінде 25 ақпан күні Zakon.kz ақпарат агенттігі жазды.
Басылым Назарбаеваның мәтінін жариялаған.
«Мен бүгін Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатып, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық іске толық көңіл бөлу туралы шешім қабылдадым.
Nur Otan партиясы үшін дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына маған көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін.
Қаңтардағы қайғылы оқиға бейбіт аспан, Қазақстан халқының бірлігі болмаса, еліміздің гүлденуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Мұның бәрі-бүкіл халқымыздың үлкен қасіреті.
Болған оқиғаға жан-жақты және объективті тергеу жүргізу қажет деп есептеймін, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар - босатылуы керек.
Біздің бәріміз, қазақстандықтар, бүкіл қоғамымыз «қаралы қаңтар оқиғасынан» ащы сабақ алып, мұндай жағдай ешқашан қайталанбауы үшін барлық күш жігерімізді салумыз керек.
Анархия тек қорқыныш пен зұлымдық әкелетінін осы қайғылы күндер көрсетті. Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін, ұлттық егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтау үшін біз қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуіміз керек.
Мен өз еліме және елімнің мүддесі үшін қызмет етемін. Бұл үшін лауазымдар қажет емес» делінген депутат Дариға Назарбаеваның үндеуінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық