Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болды
Ашық дереккөз
31 тамызда мемлекет басшысы Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуін қабылдап, бірден облысқа жаңа басшыны тағайындады.
Шөкеев 24 тамызда отставкаға кету туралы өтініш жазған. Маусымның 15-і күні Өмірзақ Шөкеев қарамағындағы қызметкерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты кінәсі дәлелденсе қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Жаңа әкім осы уақытқа дейін Өзбекстандағы елші қызметін атқарған.
«Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығының мәтінінде.
Сатыбалды туралы 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауылында дүниеге келгені белгілі.
Үйленген, төрт баласы бар.
Еңбек өтілі:
• 1996—1999 коммерциялық ұйымның аға экономисі, бас есепшісі;
• 2000-2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің жетекші бақылаушысы – ревизоры;
• 2002-2004 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің экономикалық талдау және бақылау бөлімінің референті, консультанты;
• 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінің бас сарапшысы және сектор меңгерушісі;
• 2006 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін - Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының «Жылу» МКК директоры мінетін атқарушы;
• 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджет департаменті директорының орынбасары;
• 2008-2009 жж. Білім және ғылым министрлігі Қаржы департаменті директорының орынбасары;
• 2009-2010 жж. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары;
• 2010-2011 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы;
• 2011 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды;
• 2013 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының әкімі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық