Дәретханадан мүрдесі табылған 3 жасар қыздың қасақана өлтірілгені анықталды
Фото: Бейнеден кадр
Абайсызда болған жағдай сияқты көрінген дәретханаға түсіп, қайтыс болған 3 жасар баланың өлімі қасақана қылмыс екені анықталды.
Бұл туралы Otyrar хабарлады.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дәретханаға түсіп қайтыс болған 3 жасар қыздың денесінде сызаттар мен көгерген жерлер бар екенін сараптама көрсетіп берді. Осылай сараптама нәтижесі бойынша бұл жай ғана абайсызда болған жағдай емес, әдейі жасалған қылмыс екені анықталды.
Қайғылы жағдайдан бір ай өткен соң, тағы бір қыз дәл сол дәретханаға түсіп кете жаздаған. Сол кезде ол 16 жастағы көршісін көрсеткен. Полиция тергеу жүргізіп, үш жасар Асылымның өлімі қасақана жасалған қылмыс екенін анықтады. Жасөспірім өзінің іс-әрекетін мойындады. Оның шизофрениямен ауыратындығы белгілі болды.
«Анықталған жағдайларды ескеріп, күдіктінің психологиялық жағдайын назарға алып, оны арнайы медициналық мекемеге орналастырдық. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық және жан-жақты анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция шындықты анықтау және әділ шешім қабылдау үшін бар күш-жігерін салады», деді ҚР ІІМ мәлімдемесінде.
Еске сала кетсек, қайғылы оқиға мамыр айының ортасында болған еді. Сол кезде көрші қызбен аулада ойнап жүрген үш жасар Асылым кенеттен жоғалып кеткен болатын. Үш күн бойы ата-анасы, туыстары мен ауыл тұрғындары баланы таба алмай, тек үшінші күні оның денесін қарама-қарсы үйдегі дәретханадан тапты.
Жаңалықтар
- Мексикадағы атыс кезінде турист қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты