«Дәретхана қағазына оралған»: Қоқыстан нәрестенің мәйіті табылды
Фото: freepik.com
Өзбекстанда қоқыстан денесінде жарақаттары бар жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Нәрестенің мәйіті Самарқанд қаласындағы көпқабатты үйлердің жанында орналасқан қоқыс жәшігінен табылды. Нәрестені қоқыс тазалаушы әйел тапқан.
«Таңертең 7:30-да жұмысқа келдім. Қоқыстарды сұрыптап жатқан кезде нәрестенің денесін көрдім. Дәретхана қағазына оралған. Үстінде киімі жоқ. Басы мен аяғы тілінген. Сәби қайтыс болған екен. Мен дереу бастығыма айттым. Ол полиция шақырды», - дейді әйел.
Дәрігерлер шетінеп кеткен сәбидің небәрі 22 апталық, ал салмағы 500 грамм шамасында екенін айтты.
«Нәрестенің туылғанына 4-5 сағат қана болған. Анасы оны дәрігердің бақылауынсыз үйінде босанған болуы мүмкін. Қыз баланың кіндігі де кесілмепті», - дейді дәрігер.
Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.
Жаңалықтар
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды
- Қазақстанда жаңа мереке – Қазақтың тазысы мен төбеті күні пайда болды
- Space X бәсекелесі ұшырған зымыранының бірінші сатысын жерге қондырды
- Павлодарда қайтыс болған адамдарға «медициналық қызмет көрсетілген»
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды