Данияр Ақышев жаңа лауазымға тағайындалды – дереккөз
Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың экс-көмекшісі Данияр Ақышев Азия-Тынық мұхиты банкі директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы Dalaincide telegram-арнасы хабарлайды.
«Алексей Коровин Азия-Тынық мұхиты банкінің (АТБ) директорлар кеңесінен кетті. Кеткен Коровин ескі команданың адамы еді. Қазір оның орнына Қазақстанда бас банкир болған, яғни 2015-2019 жылдары Ұлттық Банкке төрағалық еткен Данияр Ақышев бар билікті қолына шоғырландырды. АТБ Банктің уақытша басқарма бастығы болып Қайрат Алтынбеков тағайындалды» делінген хабарламада.
Арнаның хабарлауынша, «Ескі Қазақстанның» бизнесі түгел Ресейге көше бастауы мүмкін.
«Назарбаев үздік қаржыгерлерін Ресейге жіберіп отыр. Бұл оның банк фокусын Қазақстаннан Ресейге аударғанын аңғартады. Қазақ жерінде қалған «Jusan bank» акционерлеріне енді аса қызық емес сияқты. Себебі, заңға енгізілген өзгертулер бойынша, «Jusan bank» мемлекеттік көмекті қайтармайынша, қожайындарына дивиденд төлей алмайды. Жусан 1,5 триллион теңгені мемлекетке қайтарамын дегенше қай заман. Сондықтан акцент Ресейге ауып отыр.
АТБ-ны қазақстандық инвестициялық компания – «Pioneer Capital Invest» ЖШС-і Ресейдің Орталық банкінен аукционда 193 миллион долларға сатып алған болатын. Артынан олар өзі сатып алған Ресей банкін «Назарбаев фонд» дербес қорына аударып берді. Ол қорды – зейнеткер Нұрсұлтан Назарбаев басқарады.
Инсайдерлердің айтуынша АТБ биыл мол табыс тапты. Бірақ бізге есептің шыққанын күту керек. АТБ кейсі оңды болатын болса, «Ескі Қазақстанның» біздегі бизнесі түгел Ресейге көше бастауы мүмкін» делінген хабарламада.
Еске салсақ, Назарбаев қоры Азия-Тынық мұхиты банкі сатып алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық