Данияр Саламат қазақ киносындағы әділетсіздік жайлы айтты
Режиссер Данияр Саламат қазақ кино өнерінің қазіргі жағдайын сынға алып, өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ұлттық кино өнері идеологиялық және қаржылық жағынан қиын жағдайда.
Бұл туралы режиссер өзінің facebook парақшасында жариялады.
Данияр Саламаттың «Күміс қоңырау» жобасы Ұлттық киноны қолдау орталығының питчингінен өтсе де, ведомствоаралық комиссия тарапынан қолдау таппады. Режиссердің сөзінше, комиссияның шешімдері түсініксіз және әділетсіз болды. Сондай-ақ, қазақ кино өнері жүйелі реформаларға мұқтаж екенін ол баса айта кетті.
Ол қалың шудың арасынан киноны арашалап қалу керектігін атап өтті. Ұлттық киноға ұсынылған көптеген жобалардың жартысы қазылар алқасының назарына ілікпей тұрып, өтпей қалады. Мысалы, ол өз сөзінде Тимур Бекмамбетовті сынап өтті. Оған қаржы бергенше, ақшаны талантты жастарға беріп, қолдау көрсету керектігін айтты.
«Тимур Бекмамбетов деген кім? Оған неге жарты ауыз сөз айтса, жалп етіп жобасын өткізе қояды? Тимур қазақтың ұлттық руханиятына не бермек, алғаннан басқа? Басқа «тимуршылар» не бермек? Ол 2007 жылы «Қазақфильмде» жалаулатып бастаған «Алтын адамының» аяғынан шығып алсын да? Басын таудай қылып бастап, соңын тышқанның құйрығындай сүйірлеп кетпеп пе еді?
«Өзін қор санау комплексі» дегеніміз - осы. Болмаса, Тимурға («тимуршыларға») кеткен қаржыны толымды ұлттық кино жасау үшін неге Әлішер Жәдігеровке («Жетімдер»), неге Әбиірбек Өралтай («Өтүкен») деген жалындаған рухты, талантты жастардың талантты жобаларына бермеске?» деді Данияр Саламат өз жазбасында.
Еске сала кетейік, Данияр Саламат түсірген «Талақ» фильмі биыл Халықаралық Шанхай фестивалінде үздік деп танылып ел мерейін асқақтатқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық