Данияр Саламат қазақ киносындағы әділетсіздік жайлы айтты
Режиссер Данияр Саламат қазақ кино өнерінің қазіргі жағдайын сынға алып, өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ұлттық кино өнері идеологиялық және қаржылық жағынан қиын жағдайда.
Бұл туралы режиссер өзінің facebook парақшасында жариялады.
Данияр Саламаттың «Күміс қоңырау» жобасы Ұлттық киноны қолдау орталығының питчингінен өтсе де, ведомствоаралық комиссия тарапынан қолдау таппады. Режиссердің сөзінше, комиссияның шешімдері түсініксіз және әділетсіз болды. Сондай-ақ, қазақ кино өнері жүйелі реформаларға мұқтаж екенін ол баса айта кетті.
Ол қалың шудың арасынан киноны арашалап қалу керектігін атап өтті. Ұлттық киноға ұсынылған көптеген жобалардың жартысы қазылар алқасының назарына ілікпей тұрып, өтпей қалады. Мысалы, ол өз сөзінде Тимур Бекмамбетовті сынап өтті. Оған қаржы бергенше, ақшаны талантты жастарға беріп, қолдау көрсету керектігін айтты.
«Тимур Бекмамбетов деген кім? Оған неге жарты ауыз сөз айтса, жалп етіп жобасын өткізе қояды? Тимур қазақтың ұлттық руханиятына не бермек, алғаннан басқа? Басқа «тимуршылар» не бермек? Ол 2007 жылы «Қазақфильмде» жалаулатып бастаған «Алтын адамының» аяғынан шығып алсын да? Басын таудай қылып бастап, соңын тышқанның құйрығындай сүйірлеп кетпеп пе еді?
«Өзін қор санау комплексі» дегеніміз - осы. Болмаса, Тимурға («тимуршыларға») кеткен қаржыны толымды ұлттық кино жасау үшін неге Әлішер Жәдігеровке («Жетімдер»), неге Әбиірбек Өралтай («Өтүкен») деген жалындаған рухты, талантты жастардың талантты жобаларына бермеске?» деді Данияр Саламат өз жазбасында.
Еске сала кетейік, Данияр Саламат түсірген «Талақ» фильмі биыл Халықаралық Шанхай фестивалінде үздік деп танылып ел мерейін асқақтатқан болатын.
Жаңалықтар
- Енді жолдағы шұңқырлар мен жарықтарды дрондар анықтайды — Көлік министрлігі
- Қарағандыда жалған купюрамен сауда жасаған әйел ұсталды
- Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровпен кездесті
- Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Сараптама айыпталушыны есі дұрыс деп таныды
- Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды
- «Құман екеуіміз өмір бойы халық үшін еңбек еттік. Бізде кәсіп болмады»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді
- Қаңғыбас иттер туралы даулы заң мәжіліске қайтарыла ма?
- Алматыда Zeekr көлігімен болған жол апатын тергеу екі аптада аяқталады
- Көлік сатамын деп алдаған: Алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
- Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды
- Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды
- Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлаған күдіктілер ұсталды
- Путин Жеңіс күні қарсаңында Украинамен уақытша бітімге келуі мүмкін
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды