Дания премьер-министрі Копенгаген көшесінде соққыға жығылды
Фото: РИА Новости
Осыдан сәл бұрын Метте Фредериксен сайлауалды науқан бағдарламасы бойынша баяндама жасаған болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Дания премьер-министрі Метте Фредериксенді Копенгаген көшесінде ер адам ұрып-соққан. Шабуыл жасаған адам ұсталды.
Шабуыл Культорвет алаңында болды. Премьер-министр болған жағдайға таң қалған, кеңсе бұл жайында түсініктеме беруден бас тартты.
«Бүгін Копенгагендегі Культорвет алаңында Дания премьер-министрі Метте Фредериксенге ер адам шабуыл жасап, оны ұрып-соқты. Метте шабуылдан кәдімгідей есеңгіреп қалды. Бұл оқиға оны ғана емсе, оған жақын адамдардың барлығын есеңгіретіп тастағанын айтуым керек» деп жазды қоршаған ортаны қорғау министрі Магнус Хейнике Х әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін премьер-министрдің Еуропарламент депутаттығына кандидат Кристел Чальдемозбен бірге сайлауалды науқан бағдарламасы бойынша баяндама жасағаны белгілі.
Фредериксен алғаш рет 2019 жылы парламенттік сайлаудан кейін үкіметті басқарды. Ол Дания тарихындағы ең жас премьер-министр болды. Ол кезде ол 41 жаста еді. 2022 жылғы кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша ол қайтадан премьер-министр болып сайланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық