Даниал Ахметов: Риддер ЖЭО-ның жаңа иесінен үміт жоқ
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 17 наурызда тағы бір апат болған – екі қазандық өртенген Риддер ЖЭО-да кеңес өткізді.
Ахметовтың айтуынша, «стансаның жаңа иелері технологиялық бұзушылықтарға жол берген, инженерлік бақылау жүргізбеген, салдары осындай қиын жағдай туындаған».
«Қаңтар айынан бері олар жабдықты жөндеуге немесе дебиторлық берешекті өтеуге қаржы салмады, мұның бәрі жағдайды ушықтырады» деп жазды облыс әкімі Instagram парақшасында.
Бүгіннен бастап станцияда өрт сөндіру машиналары, жедел әрекет ету жасақтары, Риддер қаласы әкімінің орынбасары және салалық басқарма өкілдері кезекшілік етеді, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.
«Біз Риддер ЖЭО-ның жаңа иесінен үміт жоқ екенін көріп отырмыз, сондықтан мен кеңес беретін нұсқа – жылу көзін коммуналдық меншікке беру. Келесі аптада тағы бір жиын өткіземін, онда станса иелерінің нақты идеялары мен ұсыныстарын тыңдаймын» деп мәлімдеді С.Ахметов.
Айтпақшы, Ахметов өзіне жеткен мәлімет бойынша, соңғы апатқа байланысты ауа температурасы аздап төмендегенін атап өтті.

Басылымға жазған түсініктемелерінде Риддер тұрғындары пәтерлерінде нөлден төмен температурада өте суық болғанын және әлі күнге дейін ыстық судың жоқтығына шағымданған.

Соған қарағанда әкімге апат туралы толық түсініктеме берілмеген сияқты.

Orda.kz Риддер тұрғындарының қыс бойы суықта отырғанын, енді «Риддер ЖЭО» АҚ-ға жаңа қожайындардың келуімен ешнәрсе өзгермегені туралы да жазды.
Осыдан кейін Риддер қаласының жылу электр орталығының басшылығы жылу беріп, қайта есептеуге уәде берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық