«Дәлеліңіз бар ма? Біз үлкен жұмыс атқардық»: Перизат Қайрат сотта нақты уәждерді талап етті
Фото: Orda.kz
Сотта Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорына қаражат аударғандардың қатарында тағы да Назарбаев зияткерлік мектебі (НЗМ) бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдыңғы отырыста физика-математика бағытындағы НЗМ-нің ата-аналар комитеті қор есепшотына 901 855 теңге жібергенін мәлімдеген болатын.
Бұл жолы тағы бір мектептің өкілі, мұғалім Жанерке Сатқынбекова жауап берді. Оның айтуынша, мектепте ата-аналар қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, қолдан жасалған тәттілер мен кәдесыйларды сатып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ақша жинаған.
Жанерке Kaspi қосымшасынан Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының сілтемесін тапқан. Онда қайырымдылық көмек туралы жазылған. Сөйтіп, жәрмеңкеде жиналған 2 919 396 теңгені сол қорға аударған.
Перизат Қайрат сұрақ қою кезегі келгенде Сатқынбековадан нақты сұраққа жауап беруді талап етті.
Диалогтан үзінді:
Перизат Қайрат:
— Демек, сізге Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) қызметкерлері арыз жазу керек деді ме?
Жанерке Сатқынбекова:
— Жоқ, олар менен: «жазасыз ба?» деп сұрады. Мен: «иә, жазамын» дедім.
Перизат Қайрат:
— Неге сүйендіңіз? Қаражаттың шынымен ұрланғанын дәлелдейтін қандай деректеріңіз бар?
Жанерке Сатқынбекова:
— Бірақ олардың ұрланбағанын дәлелдейтін де ештеңе жоқ қой.
Перизат Қайрат:
— Түсінбедім. Қазір сот жүріп жатыр, ол кезде тек тергеу болған.
Жанерке Сатқынбекова:
— Дәл солай. Мен де шындықты білгім келеді.
Перизат Қайрат:
— Бұл жерде шешімді сот қабылдайды. Ал арыз жазу үшін нақты фактілер болу керек.
Жанерке Сатқынбекова:
— Бәрі жазды, мен де жаздым. Сот бәрін анықтап, қарапайым адамдарға, бізге, менің әріптестерім мен оқушыларыма көмектеседі деп сенемін. Олар жәрмеңкеге өз қолөнерімен дайындалды. Үш күн бойы түн ұйқымызды төрт бөліп, ақша жинадық. Бізге де бұл ауыр тиді.
Перизат Қайрат:
— Біз де су тасқыны кезінде үлкен жұмыс жасадық. Біз алдыңғы шепте болдық. Сіздің қаражатыңыз мақсатты түрде жұмсалды.
Жанерке Сатқынбекова:
— Егер расында солай болса, оны сотта дәлелдерсіз.
Осы сәтте судья олардың тартысын тоқтатты. Zoom арқылы жауап берген Жанерке Сатқынбековаға соттан ажырауға бұйрық берілді.
Ол шығып бара жатып, ашу үстінде: «Масқара!» (капец) деді.
Тағылған айыптар:
Перизат Қайратқа:
- ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімі 2-тармағы («Алаяқтық»),
- 218-баптың 2-бөлімі 2-тармағы («Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған кірістерді заңдастыру»),
- 218-баптың 3-бөлімі 3-тармағы («Өте ірі көлемде қылмыстық кірістерді заңдастыру») бойынша айып тағылған.
Анасы Ғайни Алашбаеваға:
- 190-баптың 4-бөлімі 2-тармағы,
- 218-баптың 2-бөлімі 1-тармағы,
- 218-баптың 3-бөлімі 3-тармағы бойынша айып тағылған.
Перизат Қайрат — Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық қорының құрылтайшысы және басшысы. Ол 2024 жылдың күзінде ұсталды. Тергеу оның ірі көлемде ақша жымқырғанын мәлімдеді. 2024 жылдың 13 желтоқсанында Перизат Қайраттың мүлкіне тыйым салынды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол қайырымдылыққа жиналған қаражатқа элиталық үйлер, қымбат көліктер, зергерлік бұйымдар мен әлемдік брендтердің аксессуарларын сатып алған.
2025 жылдың сәуірінде Перизат Қайрат пен анасы қамауға алынды. 30 маусымда іс сотқа өтті.
9 шілдеде сот процесі ішінара жабық өту туралы шешім қабылдады. Негізгі сот тыңдауы 14 шілдеде басталды.
Еске сала кетсек, Orda.kz қолы ашық, «атымтай жомарт» азаматтардың бір әйелге алданып, қомақты қаражаттарды не себепті аудара салғанын анықтаған еді.
Orda.kz оқиғаны бақылап, ақпарат таратып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық