«Дабыл қағуға мәжбүрмін»: заңгер Ербаянның ісінде шикілік барын мәлімдеді
Фото: Инстаграм/ inga_imanbay
Құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаянның ісі бойынша сараптаманың дайын болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Заңгердің айтуынша, сараптама дайын болғанымен сараптамамен әлі күнге дейін таныспаған. Тергеушінің сылтауы көбейіп, қашқақтап жүрген көрінеді.
«Ербаянның ісі бойынша сараптама дайын. Бірнеше күннен бері Сіздерге айтар жаңалығым бар деп жүргенім осы еді. Негізі сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ, тергеуші оны екі күн бұрын ғана маған айтты, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушімен келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін ватсапқа хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді. Тергеуге қатысты күмәнім күшейді. Әйтпесе дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын?», - деді заңгер.
Инга Иманбайдың Ербаянды осы күйге жеткізгендер жазасыз қала ма деген күдігі күшейген. Сондықтан заңгер жағдайды әлеуметтік желіге ашық жазып, тергеуден, құзырлы органдардан жауапты ашық талап етіп отыр екен.
Еске салайық, былтырғы жылдың желтоқсан айында Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен еді. Әскерилер оның дәретханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын хабарлады. Туыстары оған келіспеді. Олардың айтуынша, Ербаян түнгі екіде жарақат алған. Ал оның жанында сол уақытта кем дегенде 7 адам болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық