Дәурен Абаев мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
Үкімет отставкаға кеткеннен кейін Ақтоты Райымқұлованың орнына Дәурен Абаев Қазақстанның мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
«Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын» делінген Жарлықта.
Дәурен Абаевтың кандидатурасы мәжілісте мақұлданды. Бұрын осы қызметті атқарған Ақтоты Райымқұлова үкіметтің отставкаға кетуіне байланысты босатылды. Бұған дейін Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Лейден университетін бітірген (2006). Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
- 2001 – 2003 жылдары – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі, үшінші хатшысы;
- 2003 жылы – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінің үшінші хатшысы;
- 2003 – 2007 жылдары – екінші хатшы, Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы уақытша сенімді өкілі;
- 2007 жылы – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы;
- 2007 – 2008 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті протоколының сарапшысы, консультанты;
- 2008 – 2009 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті баспасөз хатшысының орынбасары;
- 2009 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
- 2011 жылдан – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы;
- 2013 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды;
- 2016 – 2019 жылдары – ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі.
- 2019 – 2020 жылдары – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.
- 2020 – 2022 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық