Дәулет Мұқаев той үшін несие алатын қазақтарға кеңес берді
Блогер Дәулет Мұқаев қазақтардың дүркіретіп тойлайтын кештеріне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, халық елдегі жағдайға қарамастан, той жасауға несие алудан тайынбайды. Салдарынан енді ғана шаңырақ көтерген жас отбасы қарыз жабуына тура келеді.
Ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында қазақтарға той жасамастан бұрын ойланып алуға кеңес берді.
Сондай-ақ, блогер басында баспанасы жоқ, бірақ бренд киімдер киетін адамдарды сынға алды. Қазіргі таңда өзінде төрт үйі бар екенін де ашық айтты.
«Бірінші кезекте өзінен аямау керек. Бірақ өзіңнен аямау керек екен деп, қарызға, Kaspi бөліп төлеуге киім алу дұрыс емес. Өзің өмірге бір-ақ рет келгеннен кейін, жақсыны көруге ұмтылу керек. Бірақ оның да шегі болады.
Пандемия кезінде талай адамды көрдім. Өткенде бір танысым, танымал адам үйі жоқ әлі күнге дейін, бірақ ол «Dior-дың 800-900 мың теңге тұратын сөмкесі бар» деп мақтанады. Dior-ың құрысын дедім, үйің жоқ, несіне мақтанасың? Бәрін жасап ал, әрі қарай бренд қуасың ба, өзің білесің» деді Дәулет Мұқаев.
Сонымен қатар, ол жылдап жинағанын той жасауға құртатын қазақтарды да түсінбейтінін алға тартты.
«Той да солай. 5 сағаттық тойға 5 жыл төлейтін кредит алады. Одан кейін екі жас ажырасады.
Жағдайың бар ма, Нұр-Сұлтанда 30 мың адамдық стадион бос тұр, сонда той жаса. Жағдайың жоқ па, көрпеңе қарай көсіл. Ұят болады дегеннің бәрі бос сөз.
Ертеңгі күні несие төлей алмай отырсаң, ұяттың көкесі сонда болады. Той өтті, елдің бәрі жеді, пакетке салды, ысырап жасады, кетті. Ал ертеңгі күні екі жас қиналған кезде, сол тойға келген адамның біреуі «қиналып қалыпсыңдар, кредиттеріңді төлеп берейін» деп келе ме?
Той болу керек, бірақ әркімнің шамасына қарай. Той - Тәңірдің қазынасы. Тойдың арқасында біз қазақтығымызды жоғалтпай отырмыз. Бірақ микрокредиттік ұйымдардан 2 млн кредит алып, соны 5 млн етіп қайтарып отырған адамдар бар. Одан да екі жақтан кеткен ақшаны қосып, бастапқы жарна ретінде жастарға беріп, үй алуға болады» деді блогер.
Дәулет Мұқаев баспана алуды арман еткендерге оның шартымен бөлісті.
«Ең бірінші кеңес, тірі адам тіршілігін жасау керек. Отырсақ отыра береміз. Анау қымбат, мынау қымбат, заман сондай деп негативтің бәрін бойымызға жинап алатын болсақ, энергиямызды жоғалтып, әлсіз адамға айналамыз. Ал егер де «жоқ жасаймын, қолымнан келеді, айналамды өзгертемін, соған қарай талпынамын» дейтін болса, ол адам күш-қуат жинайды. Ал адамның бойындағы энергия түбінде ақшаға алып келеді» дейді Мұқаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық