Дәрігерлерге санаттары үшін қосымша ақы қайтарылады
Медицина қызметкерлеріне бұрын тағайындалған санаттар бойынша қосымша төлемдер қайтарылады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Министр Ажар Ғиният салалық кәсіподақ ұйымының және Ұлттық денсаулық сақтау палатасының басшыларымен бірлесіп, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін дәрігерлерге бұрын берілген біліктілік санаттары бойынша еңбекақы төлеу туралы келісімге қол қойды (ең жоғары, бірінші, екінші). Біліктілік санаттарын беру туралы бұрын берілген куәліктердің қолданылу мерзімі маңызды емес.
«Денсаулық сақтау субъектілері қызметкерлерінің (медициналық және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) еңбекақысын олардың белгіленген лауазымдық жалақыларына түзету коэффициенттерін қолдана отырып төлеуді: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде қамтамасыз етілсін» делінген құжатта.
2020 жылы жаңартылған Денсаулық сақтау кодексі күшіне енді, онда Қазақстандағы дәрігерлердің біліктілік санаттарын беруді реттейтін норма алынып тасталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық