Мемлекет мүлкін ұрлаған шенеунік 7 жылға сотталды
Фото: Informburo
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Әсел Бисенбаева 7 жылға сотталды. Ол дәрігерлерге маска сатып алу кезінде мемлекет мүлкін ұрлаған.
Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Іс сәуірде басталып, 4 айға созылған. Іске соңғы нүктені Бостандық аудандық соты қойды.
Экс-шенеунік мемлекеттік сатып алу кезінде 4 млн дана масканы 230 млн теңгеге заңбұзушылық жолмен алған. Іске Әсел Бейсенбаевадан басқа 5 адам қатысты болған. Сот шешімімен барлығы 7-7,5 жылға сотталды.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Айтуынша, оның электронды цифрлық қолтаңбасын басқалар пайдаланған. Ол қол қою кезінде әкімдікте жиналыста болған. Бірақ сот оны ескермеген.
- Надыров өзінің электрондық қолтаңбасын мемлекеттік сатып алу порталында қол қоюға бермей қойған. Ал, маған шұғыл жұмысты бітіру керек деп келген әріптесім бәрі заң жүзінде, кепіл боламын деген соң сендім. Ол кезде медицина қызметкерлерін ас-сумен қамту керек болатын. Кейін прокуратура алған бетперделердің талапқа сай келмейтінін анықтады. Мені заңсыз соттады. Ел президентінен құқығымды қорғауын сұраймын! Қалалық сотқа апелляциялық шағым түсіреміз! - деді Әсел Бейсенбаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық