Дәрігер науқастарын 40 жыл ұрықтандырып, 9 мың баланың әкесі атанды
Детройтта (АҚШ) 104 жастағы Филипп Певен дәрігер жұмыс істеген. Ол 40 жылдан астам уақыт пациенттерді ұрықтандырып, нәтижесінде 9 мыңға жуық баланың әкесі атанды. Бұл туралы британдық The Sun таблоиды жазды.
Газет жазбасына сүйенсек, ер адам үнемі жүкті болғысы келетін клиенттер үшін ұрықтандыру жұмысын атқарған. Оның биологиялық қыздарының бірі Джейми Холл әкесін табуға шешім қабылдаған. Сөйтіп, ДНҚ тестінен өтіп, нәтижесінде өзінің биологиялық әкесі Филипп Певен екенін білді.
Бойжеткен бұымен тоқтамай, қандас бауырларын іздеуді ұйғарады. Ол мұны 23andMe биотехнологиялық компаниясының сайты арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, ол сайттан тапқан барлық әлеуетті туыстарымен байланыса бастайды. 2020 жылдың қаңтарында Холл өзінің әпкесімен бірге Певенмен кездесуді ұйғарады.
Зейнеткер әкесі өзінің материалдарын клиенттерді ұрықтандыру үшін қолданғанын мойындады. Бірақ, оның айтуынша жалғыз ол ғана емес, дәрігер-әріптестері де кейде донор рөлін атқарып отырған.
«Мен бұдан ешқандай жамандық көрмеймін. Барлық әйелдер, оның ішінде сәби сүйгісі келетін аналар оған үмітсіздікпен келді. Дәрігер оларға қажеттісін берді. Менің ойымша, ол адамдарға көмектесуге тырысты. Онсыз мен қазір болмас едім», - дейді Джейми Холл басылымға берген сұхбатында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық