Дәрігер көгершіннің етін жеу неліктен қауіпті екенін айтты
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов көгершін етін неліктен жеуге болмайтынын түсіндірді.
Көгершіндердің бойында көптеген вирустық, бактериялық аурулар болады. Осыған байланысты етін жеу арқылы адам вирус жұқтыруы мүмкін. Қалалық көгершіндердің етінен гистоплазмоз, энцефалит, пситтакоз, қызылша, сальмонеллез, аскаридоз, туберкулез және басқа да қауіпті аурулар жұғуы мүмкін, - деді Байғабылов.
Бұған дейін желіде видео пайда болып, жұртшылыққа тарап кеткен еді. Онда Алматы тұрғыны самса сататын қалалық дүңгіршектердің бірі көгершін етін пайдаланады деп күдіктенген.
– Қалдаяқов көшесімен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы аялдаманың артында самса сататын дүкен бар. Дүкеннің артында жүк апаратын есік бар. Мен жігітті көрдім, ол сыртқа шығып, көгершіндерді үгінділермен тамақтандырды. Ол еңкейіп, бір көгершінді ұстап алды да самса сататын дүкенге кіріп кетті. Көгершін етінен самса жасайды деген ойдан шошып кеттім. Бір-екі сағаттан кейін ол тағы да көгершіндерді тамақтандыруға шықты, тағы біреуін ұстап алып, самса сататын дүкенге әкетті. Бұл сәт видеоға түсірілген. Біз олардың бұл жерде не істеп жатқанын көрдік. Көгершіндермен халықты тамақтандырып жатыр деп ойлаудың өзі қорқынышты, - делінген хабарламада.
Байғабыловтың айтуынша, қазіргі таңда шағын бизнесті тексеруге мораторий жарияланғандықтан санитарлық дәрігерлердің самса мен донер сататын дүңгіршектерді тексеруге құқығы жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық