Д. Ахметовтың «батасын» алған мекемелер ғана тендер ұтады – экс-депутат
«Енді мәслихат депутаты болғым келмейді» деп мәлімдеме жасаған Nur Otan партиясының Семей қалалық мәслихатының экс-депутаты Дулат Қажымұханбет «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сұхбат беріп, еліміздің шығыс өңіріндегі «саяси былықтар» туралы айтып берді.
— Өңіріміздің басшысы бар. Партия атынан депутат болғандықтан, әр ісімізді партия басшылығымен ақылдаса отырып, сол кісінің «батасымен» ғана істеу керек болдық. Семей қаласының әкімі Баяхметов мырза, оның алдында Сақтағанов мырза болды, оның алдында Ермак мырза болды, аз уақытта үш әкіммен жұмыс істедік. Сол кісілердің айтқанымен, көрсеткенімен жүргендей болып қалдық. Оларға өңір басшысы айтады. Біз соған себеп болып жүрген соң, айналамызға қарап бұл жолдың дұрыс емес екенін түсіндік, - деді экс-депутат.
Семей қалалық мәслихатының экс-депутаты шаһардағы мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асырылған жұмыстар туралы да ашып айтты.
— Семейде «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес 9 қабатты 2 ғимарат – жатақхана салынуы керек еді. 288 орындық. «Бизнес және сервис» колледжінің есебінде болатын жатақхана құрылысына арналған тендерді қалалық құрылыс және сәулет бөлімі ойнатады. «Фирма Азия» мекемесі осы тендерді алуы керек болды. Қағаз жүзінде бұл құрылыс 2020 жылдың желтоқсанына дейін өткізілуі тиіс еді. Алайда өңір басшысы бұл нысанды 2022 жылдың қаңтар айында ашты. Бір жылдан аса уақыт бос өтті. 2-3 миллиард мөлшерінде мемлекеттік қаражат бөлінді, сомадан қателесуім мүмкін. Бұл – бір ғана мысал. Сонымен қатар, бұл мекеменің қарамағында көптеген шағын мекемелер бар. Құрылыс саласын қадағалап отыр, - деді ол.
Экс-депутаттың айтуынша, шығыста өңір басшысының «батасын алған» мекемелер саусақпен санарлық екен. Ал «Фирма Азия» осы қатарда. Иесі – Досқұшанов Әсемхан. Дулат Тасболатұлы құзырлы органдар тексеру жүргізсе, көп сұраққа жауап табылар еді дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық