«ЦТС» АҚ Қайрат Сатыбалдымен арадағы медиациялық келісімнен бас тартты
Астанада Қазақстанның тұңғыш президентінің немере інісі Қайрат Сатыбалды аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айыппен сотталып жатыр.
20 қыркүйекте сот отырысы өтіп, онда Сатыбалды мен қылмыстық іс бойынша басқа да сотталушылар жәбірленуші тараппен медиациялық келісімге келіп, кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтегені белгілі болды. Нәтижесінде, Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ-на 12 млрд теңге, ал «ЦТС» АҚ-на тағы 28 млрд теңге қайтарды.
Алайда, 21 қыркүйекте кезекті сот отырысында «ЦТС» АҚ медиациялық келісімнен бас тартты.
— Медиациялық келісім мәселесі әлі толық шешілген жоқ, соттан біздің өтінішімізді қарауды кейінге қалдыруды сұраймын,- деді компания өкілі.
Ол компанияға келтірілген залал өтелгенін, ақшаның ЦТС есепшотында екенін түсіндірді.
Прокурор Есебаев сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Оны судья Нұрлан Баяхметов қолдады.
Еске салсақ, адвокат Абзал Құспан экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды мен «Қазақтелеком» АҚ арасында жасалған медиация келісімін заңсыз деп санайды.
20 қыркүйекте Астанада Байқоңыр ауданының №2 сотында олар Қайрат Сатыбалды мен оның төрт сыбайласына қатысты екі компанияда екі қылмыстық эпизодты қарауды жалғастырды. Бес айыпталушы да кінәсін мойындап, өкініп, келтірілген шығынды өтеп қойғандықтан, іс жеделдетілген тәртіпте жүріп жатыр.
Сот отырысы барысында «Жеңілдіктер» деп белгіленген бірінші эпизод бойынша Сатыбалды, Қоңырбаев, Муравьев және «Қазақтелеком» АҚ тарапы арасында медиациялық келісім жасалғаны белгілі болды. Үш айыпталушы 12 млрд теңге көлемінде шығынды өтеді.
Екінші эпизод – «Соңғы миль» бойынша Сатыбалды, Бекетов, Мұхамеджанұлы айыпталып отыр. «ЦТС» АҚ-ға келтірілген шығын көлемі шамамен 28 млрд теңгені құрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық