Covid-19 жұқтырған келіншектің нәрестесі көз жұмды
Қазақстанда дәрігерлер жаңа туған нәрестені құтқара алмады. Анасы жүктіліктің 39-аптасында инфекцияға шалдыққан.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Нұр-Сұлтан педиатрлар ассоциациясының жетекшісі Сағира Әбдірахманова бұрын туылған нәрестелер вирустың жеңіл түрін жұқтырғанын, қазір ауыр жағдайлардың бар екенін айтты.
- Бүгін бізде қорқынышты жағдайлар бар. Біз 11 күндік нәрестеден айрылдық, себебі анасы жүктіліктің 39-шы аптасында вирус жұқтырып алған. Туылғаннан кейінгі бесінші күні баланың жағдайы ауырлап, оның миы зақымданды, яғни, нәрестеде инсульт болады, - деді Әбдірахманова.
Содан кейін дәрігерлер баланың жүрегінде, тамырларында және қолқасында қан ұйығанын анықтады. Жаңа туған нәрестені құтқару мүмкін болмады.
Қазір дәрігерлер ұқсас клиникалық көрінісі бар тағы бір нәрестенің өмірі үшін күресуде. Нәрестенің өмірге келгеніне небәрі 20 күн болған.
Педиатр тыныс жолдары, өкпесі зақымданған, тыныс жетіспеушілік белгілері бар балалардың саны артқанын атап өтті. Өткен жылы мұндай жағдайлар болмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық