Covid-19 вирусына қарсы ресейлік үшінші вакцина «КовиВак» тіркелді
Covid-19 коронавирусына қарсы ресейлік үшінші вакцина тіркелді. «КовиВак» деген атау берілген вакцинаны Чумаков атындағы ғылым орталығы жасады.
Бұл препарат «өлі» вирустар негізінде жасалған, оның коронавирусқа қарсы тиімділігі жайлы әзірге ақпарат жоқ. Ресейліктер сынақтың үшінші кезеңімен қатар жаппай егу басталады деп жоспарлап отыр. «КовиВак» адам ағзасына коронавирустың жаңа түрінің «өлі» қалдығын енгізіп, иммундық реакция туғызады. Бұл вакцина жұмысындағы классикалық схема болып саналады. Бүгінде мұндай препараттарды Қытай мен Үндістан да өздерінде жасап, қолданып отыр.
Жаңа вакцинаны әзірлеушілер оның коронавирусқа қарсы тиімділігі туралы есеп бермеді. Оны өндіру үшін биологиялық қорғаныш деңгейі жоғары зертхана қажет.
РҒА қарасты М. П.Чумаков атындағы иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту жөніндегі Федералды ғылыми орталығы наурыздың ортасына қарай осы препараттың аптасына 400 мың дозасын шығаруды жоспарлап отыр.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикова бұған дейін «КовиВак» вакцинасын егу наурыздың соңында басталады деп хабарлаған болатын. Наурыз айында вакцина сынағының үшінші кезеңі басталады. Екпе әзірлеушілер сынақ қорытындысын жыл соңына дейін беруі керек.
«КовиВак» вакцинасына дейін Н.Ф. Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы шығарған «Спутник V» және «Вектор» мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығы жасаған «ЭпиВакКорона» вакциналары тіркелген.
Бүгінде «Спутник V» вакцинасы жаппай өндіріске жіберілген. Оны шығарғандар коронавирусқа қарсы тиімділігін 91,6 пайыз деп бағалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық