COVID-19-ға қарсы екпе бедеулік туғызбайды!
Иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандарға коронавирусқа қарсы егілуге болады. Бұл туралы денсаулық сақтау мекемелері мен медицина ғылымдарының докторларымен өткен брифингте айтылды. «Спутник V» вакцинасын салдырған 2 млн ресейліктер арасында иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар да болған. Осыған сүйене отырып, қазақстандық дәрігерлер бұл санаттағы азаматтарға COVID-19-ға қарсы вакцина салуға болады деп шешті. Ал енді, екпенің бедеулікке әкелетіні туралы қауесетті дәрігерлер жоққа шығарды.
«Вакцинаны жаппай ектірместен бұрын оны зертханада түрлі сынақтан өткізеді. Жануарларға тестілегені жөнінде де талай айтылған. Бедеулікке әкеп соқтыру қаупі қашан да тексеріледі. Бұл міндетті сынақтың бірі. Ол жіті зерттеледі. «Спутик V», «QazCovidIn» және өзге де вакциналар адамның репродуктивті денсаулығына ешқандай әсерін тигізбейді», - деді Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева.
Брифингте айтылған тағы бір басты мәселе: коронавирусқа қарсы екпе паспортын ешкім саудалай алмайды. Өйткені COVID-19-ға қарсы вакцина егілгені туралы ақпар жабық мәліметтер қорына енгізіледі, әрі электронды паспорт тек сол жүйеде ғана сақталады. Ел арасында коронавируспен ауырғандарға вакцина салдыру міндет емес деген пікір қалыптасқан. Мамандар бұл пікірді де жоққа шығарды.
Ләззат Ералиеваның айтуынша, коронавируспен ауырып шыққан соң адамда вирусқа қарсы иммунитет халықаралық зерттеу қорытындысына сәйкес, 5-6 ай ғана сақталады екен.
Сондықтан бәрібір вакцина алған дұрыс дейді мамандар. Себебі ауырып шыққаннан кейінгі иммундық қарсылық тұрақты емес. Вакциналардың дозасына қатысты мәселе қайта қаралуы мүмкін, сол себепті адамдарға қайта егілуге тура келуі де мүмкін екен. Қазір клиникалық сынақтар жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық