Cот-медициналық сараптама үшін енді мәйітті «соймайды»
Фото: envato
Cот-медициналық сараптама шараларын дәстүр мен дінге сай ету үшін «виртуалды аутопсия» енгізілмек, бұл мәйітті компьютерлік томография көмегімен зерттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев үкімет отырысында айтты.
«Сот-медициналық сараптама жұмысында қиындықтар туындап тұрады. Атап айтқанда діни көзқарасына байланысты көбі мәйітті сойып, оның ішкі ағзаларын зерттеуге қарсылық білдіреді. Мұндай жағдайда олар арыз жазып, оның өліміне не себеп болуы мүмкін екенін дәлелдеп, марқұмның денесін алып кетуге құқылы», — деді Сәрсенбаев.
Министр сондай-ақ жақын арада Қазақстанда бірнеше сараптама түрлері автоматтандырылатынын айтып, бұл адам факторымен байланысты қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
«Бұл сарапшының зерттеу барысында жасаған әрекеттерін қадағалауға, сондай-ақ зерттеу, әрекеттер мен әрекетсіздіктен туындаған ауытқуларды алдын ала ескертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зерттеулерді жүйе ішінде жүргізу және адам факторы «қателіктерін» болдырмау үшін арнайы функция қарастырылады», — деп түсіндірді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық