Cот Джо Байденнің ұлын заңсыз қару ұстағаны үшін кінәлі деп таныды
Фото: Getty Images
Сот АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байденді заңсыз қару ұстағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 2018 жылы қаруды сатып алу кезінде есірткі қолданғанын жасырып қалған.
Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлайды.
Хантер Байденге 3 тармақ бойынша айып тағылып отыр. Ол Делавэр қаласының қару-жарақ дүкенінде Кольт револьверін сатып алғанда өзі жайлы жалған ақпарат бергені үшін айыпты деп танылды. Қару алған кезде ол крэк-кокаинді тұрақты қолданып жүрген.
Хантер Байденге сот үкімі 120 күн ішінде шығады. Ол 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Джо Байден «тағдырдың бұйырғанына көндігетінін» және «кешірім беру» құқығын пайдаланбайтынын айтты.
«Мен президентпін, сонымен қатар әкемін. Джил екеуміз ұлымызды жақсы көреміз және оның қазіргі адами болмысын мақтан тұтамыз. Есірткіге тәуелді жақынының күресін, жігерін көргенде сезінетін мақтанышты басқа да нашақорлықпен күрескен жақындары бар отбасылар сияқты біз де түсінеміз. Өткен аптада айтқанымдай, Хантер аппеляцияға бергенше сот үкіміне көніп, сот процесіне құрметпен қараймын. Джил екеуміз әрқашан Хантермен бірге болып, барынша қолдау көрсететін боламыз. Мұны ештеңе өзгерте алмайды» , – деді АҚШ президенті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық