Цой коронавирусқа байланысты жаңа болжамын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустық эпидемиологиялық жағдайға байланысты үш түрлі болжам туралы хабарлады.
— Біз коронавируспен сырқаттанушылықты бақылап отырмыз. Сонымен қатар ғалымдардың бүкіл жұмыс тобы болжам жасауда. Яғни бұл соңғы екі аптадағы динамикадағы нақты есептеулер, ол сырқаттанушылық, оның ішінде төсек жүктемесінің көрсеткіштерін салыстырады. Әрине, біз екі апта сайын болжам жасаймыз, болжамдарымызды қайта қарастырамыз.
Қазір бізде оптимистік сценариймен күніне шамамен 6000-6100 жағдай болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Бұл тамыз айында болатын өршу, Ал тәулігіне нақты сценариймен 9 мыңға дейін және пессимистік сценариймен 11 мыңға дейін өсуі мүмкін. Біз осындай болжамдарды келтіреміз, біздің төсек-орын қорының мүмкіндігі қандай болатынын қараймыз және бұл жерде тиісті шаралар қабылдануда, – деді Цой.
Министр бұған дейін де корановирус жағдайына байланысты болжамдар жасаған. Бқл жолы да
Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы карантинді қашан күшейте алатынын айтты.
— Иә, бұл өте маңызды, егер біз төсек-орын толып жатқанын көретін болсақ, онда біз қатаң шаралар қабылдауға және шектеу шараларын күшейтуге мәжбүр боламыз, – деді министр.
Сондай-ақ, министр қазіргі уақытта 36 мың төсектің 50 пайызы қамтылғанын, ал 24 мыңға жуығы резервте тұрғанын атап өтті.
— Яғни, бізде шын мәнінде бүгінгі күннен бастап төсек қорының үш есе мүмкіндігі бар. Пессимистік сценарийде ( шамамен күніне 11 мың инфекция жағдайы) бұл төсек қоры толтырылады деген сөз. Бірақ бұған дейін жеткізбей, алдын алу шараларын енгізіп, қандай да бір қатаң шектеулер қоятын боламыз. Қазіргі уақытта біз оптимистік немесе нақты сценарий бойынша көретін параметрлерде бәрі бар, – деп жауап берді Цой.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық