Цифрлық даму министрлігінде жасанды интеллект комитеті құрылды

cover Фото: Midjorney

Цифрлық даму министрлігінде жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылды.

Қазақстан үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

Жаңа комитет жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат, құқықтық реттеу, салааралық үйлестіру, жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту мәселелерімен айналысатын болады.

Сонымен бірге, дәл осындай шешіммен Цифрлық даму министрлігі құрамында жұмыс істейтін Геодезия және картография комитеті таратылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар