Цифрлық банк картасы арқылы қалай жоғарылатылған бонустар алуға болады?
Цифрлық банк картасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері, оның қаншалықты пайдалы екенін, кімге көмектесетіні туралы Jusan Bank қызметкерлері айтып берді.
Қазір кез келген адам өз уақытын бағалай әрі үнемдей отырып, еркіндігін арттыруға ұмтылады. Кез келген сұрақты онлайн шешуге тырысатын халық соңғы уақытта банктің виртуалды қызметтеріне де жиі сұраныс жасайтын болған.
«Виртуалды карталарды пайдаланушылар пластик иелері секілді мобильді қосымшада бонустарды басқару мүмкіндігіне ие. Бейімділік бағдарламасының аясында біз тұтынушыларға жоғары сыйақы алатын 10 санатты ұсынамыз. Бұл онлайн музыка мен фильмдер 15%, ойын қызметтері 10%, сұлулық салондары мен косметика 7% . Кафе және мейрамханалар, оның ішінде Wolt, Glovo, Yandex тамақ жеткізу қызметтері, киім мен аяқ киім, жиһаз, саяхат, такси, медициналық қызметтер, фитнес және СПА категориялары бойынша сатып алу үшін 5% бонустар беріледі», - деп түсіндірді Jusan Bank қызметкерлері.
Сізге қаншалықты жиі банк картасын онлайн ашып қана қоймай, оны курьер арқылы жеткізуін күтпей-ақ, бірден қолдана бастау керек болды?
Осы орайда цифрлық карта тамаша шешім болады. Ол сізді жеке қаржыңызды басқару құралдарын пайдалануда толығымен еркін және тәуелсіз етеді.
Цифрлық карта дегеніміз не?
Цифрлық карта функциялар жиынтығына сәйкес мультивалюталық пластик Jusan Pay-дің аналогы болып табылады. Интернетте аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру үшін банктің мобильді қосымшасында немесе сайтында виртуалды түрде іске қосылады. Офлайн төлеу немесе банкоматтан қолма-қол ақша алу үшін оны мобильді әмияндарға (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay және т.б.) қосу мүмкіндігі бар.Jusan қосымшасында цифрлық картаны тегін ашуға болады. Ал қажет болған жағдайда оның пластикалық нұсқасына тапсырыс беруге болады.
Қазірдің өзінде банктің жаңа клиенттерінің шамамен 20% виртуалды картаны пайдаланады. Бұл үрдіс пластиктен бас тарту арқылы қоршаған ортаны сақтауға ықпал етеді және банктің ESG стандарттарын қолдау саясатына сәйкес келеді. Виртуалды карта кәдімгі жалақы картасы ретінде де қолданылады. Сонымен қатар, оны жұмыс берушіге байланыссыз пайдалануға болады.
Бонустар әлемі
Кез келген сатып алулар үшін бонустар беріледі, жоғарылатылған бонустары бар 10 қалаған категория қарастырылған. Айына оның төртеуін таңдауға болады. Сондай-ақ, Jusan қосымшасында Jusan Mobile теңгерімін толтырған кезде 15% және Jusan Garant сақтандыру қызметі үшін 25% бонус алу мүмкіндігі бар. Ал жинақтаушы бонус жүйесі клиенттерге 0,5-тен 2%-ға дейін сыйақы ұсынады.
«Виртуалды карталарды пайдаланушылар пластик иелері секілді мобильді қосымшада бонустарды басқару мүмкіндігіне ие. Бейілділік бағдарламасының аясында біз тұтынушыларға жоғары сыйақы алатын 10 санатты ұсынамыз. Бұл онлайн музыка мен фильмдер (15%-ға дейін), ойын қызметтері (10%), тамақ (фастфуд және кондитерлік өнімдер), оның ішінде Wolt, Glovo, Yandex тамақ жеткізу қызметтері (7%), сұлулық салондары мен косметика (7%) . Киім мен аяқ киім, жиһаз, саяхат, такси, медициналық қызметтер, фитнес және СПА категориялары бойынша сатып алу үшін 5%-ға дейін бонустар беріледі», - деп түсіндірді Jusan Bank қызметкерлері.
Жылдамдық пен қауіпсіздік
Экономикалық тұрақты кезеңде де, турбуленттік жағдайда да жеке қаражатқа қатысты іс-әрекеттердің жылдам әрі қауіпсіз орындалғаны маңызды. Картаны жылдам ашу, картаға тез ақша аудару және сатып алуды қалаған валютада төлеу – цифрлық карталардың артықшылығы болып табылады. Мысалы, Jusan Pay үш валютада ашылады: KZT, USD, EUR. Jusan мобильді қосымшасында RUB қосуға болады.
«Jusan картасын ұстаушылар мобильді қосымшада жасалған аударым және төлем операцияларын биометриялық «саусақ ізі» (Touch Id, Face Id) арқылы растай алады, SMS кодын енгізудің қажеті жоқ. Клиент үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы бұл тәсілді Қазақстанда бірінші болып Jusan енгізді. Біз жеке деректердің қауіпсіздігі мен клиенттеріміздің қаржысының қауіпсіздігіне аса мән береміз, сондықтан барлық транзакциялар сатып алулар мен төлемдерді растаудың сенімді әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады», - деп толықтырды банк қызметкерлері.
Еркіндік және үнемдеу
Әр түрлі шығындарды үнемдеу - жеке ақшаны қажеттіліктеріңізге жұмсаудың екінші жолы, әрине табысты арттырғаннан кейін. Сондықтан картаны тегін шығару және оған тегін техникалық қызмет көрсету, банкоматтардан қолма-қол ақша алу бойынша лимиттерді ұлғайту – сөзсіз артықшылықтар болып табылады. Jusan Pay цифрлық және пластикалық карталарын шығару тегін. Цифрлық картаға қызмет көрсету тегін болса, пластик бойынша алғашқы жыл комиссиясыз.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық