Цифрлық қазақстанды кім құрады
Нұр-Сұлтанда Jusan Singularity IT-мектебінің салтанатты ашылуы өтті.
Мектепті құру туралы осы жылдың қаңтарында жарияланды. Оқимын деген әрбір адамнан өтінім қабылданды. 15-47 жас аралығындағы үміткерлерден келіп түскен 3000 өтінімді қарап, IT-саланың көпшілікті қызықтыратынын және оған деген сұраныс кәсіпті меңгергісі келетіндер мен жұмыс берушілер арасында үлкен екенін байқадық.

Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов жеке IT-мектеп ашу туралы шешімін былай түсіндірді: Банктер күн өткен сайын цифрлануда, қаржылық технология енді жаңалық емес, қажеттілік. Jusan – бұл тұтас экожүйе және ол сапалы қызмет көрсету мен жаңартуды талап етеді, өйткені технологиялар саласы өте құбылмалы. Кэролдың шахмат патшайымы айтқандай - «бір орында қалу үшін бар күшіңмен жүгіруге тиіссің».
Jusan Singularity үміткерлері іріктеудің бірнеше кезеңінен өтті. Біріншісі – сауалнама түрінде, оны білімі, дағдылары мен жеке қасиеттерінің маңыздылығын таңдау деп атауға болады. Екінші деңгей – онлайн-интенсив, бұл кезеңде үміткерлер оқыту мен тестілеу арқылы іріктелді, яғни оқимын деген ерік-жігері мен біліктілігі жағынан баса озғандар қалды. Үшіншісі – Jusan Bank-тің бизнес және IT-бөлімдерімен сұхбат, оның барысында сарапшылар үміткерлердің білім деңгейін, олардың дайындығы мен қатысуын бағалады.

«Ең мықтыларды таңда, білмегенін үйрет» қағидатына сүйене отырып Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Анна Тимофеева түсініктеме берді: «Jusan Bank Назарбаев Университетімен және зияткерлік мектептермен тығыз байланысты, сондықтан біз мақсатты нысанаға алғанда қандай деңгейдегі мамандар дайындап шығаруға болатынынынан хабардармыз! Jusan Singularity мектебі нақты бизнес-кейстерге негізделген білім мен дағдыларды береді және күнделікті жұмыста шынайы қажетті іс-әрекеттерге үйретеді, - бұл ең қисынды жол!».
Студенттерді оқудың басталуымен құттықтауға банктің бірінші басшыларынан басқа да делегация келді, бұл іс-шараға бірінші вице-министр Жасұлан Мәдиев бастаған ЦДИАӨМ қызметкерлері, серіктестік банктер – ресейлік АТБ және қырғызстандық «Оптима Банк» өкілдері, сондай-ақ НЗМ және «Болашақ» қорынан қонақтар қатысты.
Жасұлан Мәдиев студенттер алдында ынталандыратын жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде ол IT-мамандардың қоғамның күнделікті жұмыс істеуінде өсіп келе жатқан рөлін атап өтті және бизнестің мемлекеттік қызметтерді бірнеше арналар арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін және қазақстандықтар үшін қауіпсіз және жайлы цифрлық орта құратын жоғары технологиялық шешімдерді әзірлеуінің оң үрдісін жеке атап өтті.

Сондай-ақ, Министрлік өкілдері Нұрдәулет Айдосовтың Jusan Singularity кадрларын Министрлікке де жіберу туралы ұсынысын қуана қабылдады.
Jusan Singularity мектебі - Қазақстанда бұрын-соңды болмаған осындай үлгідегі алғашқы жоба. Мұнда IT-данышпандарын дайындауға арналған барлық заманауи трендтер ескеріліп, менторларды таңдаудан бастап кеңсе, техникалық жабдықтау, демалыс аймағына дейінгі «күнделікті айшықтарға» дейін үлкен көңіл бөлінді. Бұл тәсілдің артықшылығы – «көңіл-күй экологиясы», достық орта құру және оқып жатқан пәнге 24/7 бойы ден қою, осы айтылғандардың бәрі әлемдік цифрлық алыптардың тәжірибесінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеген.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық