Чемпион Данияр Елеусінов UFC басшысымен келісімшартқа қол қойды
Фото: instagram/ yeleussinovdaniyar
Қазақстандық боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайтпен келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт бойынша боксшы Уайттың жаңа бокс лигасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы бокс пабликтері жарыса жазды. Елеусіновтің өзі де жазбаларды парақшасында бөлісті.
«Данияр Елеусінов — Дана Уайттың жаңа бокс промоушеніндегі алғашқы қазақстандық боксшы» деп жазылған жазбада.
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы да әлеуметтік желіде жазба жариялады. Басқарма өкілдері спортшыға сәттілік тіледі.
«Данияр Елеусінов Дана Уайттың бокс лигасында бақ сынайды. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайт пен Турки әл Аш-Шейх құрған TKO промоушнымен келісімшартқа қол қойды», - деп мәлімдеді басқармадағылар.
Ал спортшының өзі биыл америкалық аренада жұдырықтасатынын айтты.
«Онда жұлдыз болу оңай, бірақ жарқырап тұру қиын. Өзімді дәлелдеуге дайынмын!» – деді боксшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық