Челах ісі бойынша тергеу жұмыстары басталды - Бас прокуратура 

cover

ҚР Бас прокуратурасы Владислав Челах ісі бойынша тергеу процесінің қайта басталғаны туралы мәлімдеді.

Қостанай облысында жазасын өтеп жатқан Владислав Челахтың өтінішін тексеру үшін зерттеліп жатқан қылмыстық іс қайта қозғалмақ. 

«Сотталған адамның дәлелдері ҚР Конституциялық заңында белгіленген тәртіпке сәйкес тексеріледі» деп хабарлады Zakon.kz.

Еске салсақ, 2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасы бойындағы «Арқанкерген» бекетінде 15 адам қаза тапқан. Олардың ішінде 14 әскери қызметші және бір орманшы болған. Бұл оқиғаға мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаз кінәлі деп танылды. Владислав Челахты сот өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар