Чехия азаматтары елдегі кедейшілікке қарсы наразылық білдірді
Сурет: eadaily.com
Прагада бірнеше мың адам «кедейшілікке қарсымыз» ұранымен шеруге жиналды.
Үкіметтен көмек талап еткен «кедейшілікке қарсылық» шеруін Чехия кәсіподақтар конфедерациясы ұйымдастырды. Халық энергия мен азық-түлік бағасының өсуіне наразылық білдірді.
DW хабарлауынша, мыңдаған адам Прагадағы Вацлав алаңына жиналып, қазір айына 644 еуроны құрайтын ең төменгі жалақыны көтеруді, сондай-ақ күнделікті тұрмыстық тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуді талап етті.
Ұйым төрағасы Йозеф Стредул: «Біз істейтін ісіміз жоқтықтан емес, болашағымыз үшін алаңдап келдік» деді.
Ұлттық статистикалық басқарманың мәліметі бойынша, Чехиядағы баға өткен айда бір жылмен салыстырғанда 17,2%-ға өсті. Үкімет үй шаруашылықтары мен шағын бизнес үшін электр энергиясы мен газға шекті баға белгілеп қойған. Ол қараша айының басынан бастап күшіне енеді.
Айта кету керек, бұл бағаның өсуіне қарсы бірінші шара емес. Қыркүйек айының басында 70 мыңға жуық адам үкіметтің отставкаға кетуін, энергия бағасын төмендетуді және Ресей-Украина қақтығысына бейтарап позицияны сақтауды талап етіп шыққан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық