Чехия Ресейдің 18 дипломатын еліне қайтарады
2014 жылы Чехия әскери қару-жарақ қоймасында болған жарылысқа Ресей барлау қызметінің қатысы болуы мүмкін. Осындай желеумен Ресей елшілігінің 18 қызметкерін еліне қайтару туралы шешім қабылданды. Бұл туралы 17 сәуірде Чехия үкіметінің басшысы Анджей Бабиш пен сыртқы істер министрі Ян Гамачек мәлімдеді.
Бабиштің айтуынша, Чехияның құқық қорғау органдары Врбетиц ауылындағы ауқымды жарылысқа Ресей әскерилерінің қатысы барын дәлелдеген.
— Чехия Республикасы – егемен мемлекет және ол мұндай деректер әшкере болғанда жауап беруі тиіс, - деді елдің премьер-министрі.
Бұған дейіни Ян Гамачектің Мәскеу сапарынан бас тартқаны белгілі. Сапар барысында ол «Спутник V» вакцинасын сатып алу жөнінде келіссөз жүргізуді жоспарлаған. Сол үшін оны өз коалициясындағы әріптестері де, оппозиция да сынаған болатын.
— Чехияның сыртқы және ішкі істер министрі қызметін қатар атқарып отырған Ян Гамачек Ресей елшілігінде істейтін 18 дипломаттың шын мәнінде Ресей бас барлау басқармасы (ГРУ) мен сыртқы барлау қызметінің адамдары екенін дәлелдейтін айғақтың барын айтты. Дипломаттарға елден кетуге 48 сағат беріліп отыр, деп хабарлады «Неміс толқыны» радиосы.
Ресей мемлекеттік думасы халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий 18 дипломаттың қайтарылуы Чехия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіретіндігін, Ресейдің бұл шешімге қарымта қайтаратынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық