Чехия аспанында ақша жауды: тікұшақ миллион долларды шашып өтті
Сурет көрнекілік үшін
Чехияның астанасы Прага маңында бір долларлық купюрадан жаңбыр жауды. Оны жергілікті Kazma атты блогер ұйымдастырып, арнайы тікұшақ жалдаған.
Басында Kazma өзінің түпнұсқа фильміндегі кодты шеше алатын кез келген адамға миллион доллар беруге уәде етті. Дегенмен, бұл жұмбақтың мәнін шешкен адам болған жоқ.
Содан кейін блогер уәде етілген ақшаны өзінде қалдырмауға уәде беріп, жаңа байқау жариялады. Жексенбі күні таңертең Kazma өзінің веб-сайтында тіркелген жазылушыларға шифрланған орынды электрондық пошта арқылы жіберді. Ол Прагадан 30 шақырым жердегі егістік алқап болып шықты.
Белгіленген сағатта егістіктің үстінде аспанда контейнері бар тікұшақ пайда болды, одан миллион долларлық купюралар жауды. Бұл кезде жер бетінде бірнеше мың адам «көктен жауатын табыстарын» күтіп тұрған болатын. Еуропалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, келгендердің сөмкелеріне банкноттарды жинап салуға бір сағаттай уақыты кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық