БЖЗҚ деректерге қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ
Фото: БЖЗҚ
БЖЗҚ қазақстандықтардың деректерінің таралуына қатысты заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ.
Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қордың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексеруді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен бірлесіп БЖЗҚ-дан болжамды деректерге байланысты жүргізіліп, ешқандай бұзушылықтар анықталмады» делінген хабарламада.
Бұған дейін қор GitHub веб-сайтында жарияланған деректердің ағып кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Наурызда министрлік қазақстандықтар деректерінің сыртқа шығуына байланысты БЖЗҚ, «Эйр Астана» және «Қазақтелеком» компанияларында тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Хакерлерге үлкен көлемдегі деректердің ағып кетуіне күдік келтірілді.
1 сәуірде тексеру нәтижесінде «Қазақтелеком» мен «Эйр Астана» компанияларына айыппұл салынғаны белгілі болды. Компаниялар ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компаниялардың басшылығы 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық