Бюрократиялық ісік: Ақтөбеде қатерлі ісікке шалдыққан балалар бір жылдан бері арнайы емхананың ашылуын күтіп жүр
Шенеуніктер құжаттарды реттеп жатқанда, олардың қаласында мамандандырылған аурухана бұрыннан салынып, толық жабдықталған болса да, ата-аналар кішкентай науқастарды емдеу үшін жүздеген шақырым жерге апарады.
Ақтөбеде онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың ата-аналары онкогематологиялық диспансердің ашылуын шыдамсыздана күтуде. Аталған мекемені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жарты жыл бұрын салып қойғанына қарамастан, қолданысқа берілмеген.

Бүгінде ғимарат толық жабдықталған, іске қосуға дайын, бірақ бюрократиялық кедергілерге байланысты пайдалануға берілмеді, тек сол үшін ғана 100 төсектік балалар ауруханасы бос тұр. Науқас балалардың ата-анасы амалсыздан Алматыға немесе Астанаға апарып емдетуде.
— Біз жылына сегіз рет химиотерапияға барамыз. Емдеу квотамен төленетініне қарамастан, біз жылына үш миллион теңгеге жуық қаржыны рейске, тамаққа, дәрі-дәрмекке жұмсаймыз. Осыдан тура бір жыл бұрын қазан айында емхана ашылады деген болатын. Міне, біз әлі күтеміз. Бірақ бәрімізге бірдей препараттар табыла бермейді. Олар жоқ, – дейді онкологиялық дертке шалдыққан баланың анасы Жазира Бұрханова.

Медициналық емхана инвесторға 4 млрд теңгеге түскен. Оны ұстауға ай сайын 80 миллионға жуық қаражат жұмсалады. Қазір аурухана шығынмен жұмыс істеп тұр деуге болады, бірақ бәрінен де балалар зардап шегеді, олар үшін тұрғылықты жеріндегі мамандандырылған медициналық орталық өте маңызды. Бүгінде облыста онкологиялық ауруға шалдыққан 500-ден астам кішкентай науқас тұрады. Ал басқа қалаларға барып емделуге әркімнің қаржылық мүмкіндігі бола бермейді. Бұл ретте ашылуы қиындатылып жатқан жаңа ауруханада пульмонология, ревматология, эндокринология, аллергология және ЛОР салалары бойынша ауруға шалдыққан балаларды қабылдау жоспарланған болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева бұл емхананың заңдық және қаржылық құжаттары дайындалып жатқанын айтты.

— Ашпас бұрын әр профильдің құнын төсек-орын бойынша есептеу керек, содан кейін әлеуметтік сақтандыру қорына тіркелу керек, қаражат бөлінгеннен кейін емхана іске қосылады», - дейді ол.
Бұл 2023 жылдың қаңтарына жоспарланған.
Авторы: Мира Болатова, аударған Ләззат Нұрсапақызы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық