Былтыр елімізде 116 гектар орман өртенді
Фото: Ашық дереккөзден
ТЖМ орынбасары Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, шығын көлемі 163 млрд теңге болды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Департамент басшысы орынбасарының айтуы бойынша, жылда өрт қаупі кезеңінде мыңға жуық орман мен дала өрттері, халыққа, оның мүлкіне, табиғатқа қауіп төндіретін 4 мыңға жуық табиғи өрт оқиғалары болады.
Еліміз тек өткен жазда 116 мың гектардан астам орманынан айырылды. Шығын көлемі – 163 млрд теңгеден асып жығылды. Соңғы бес жылдағы статистика көрсеткендей, орман өрттерінің саны артып барады. 2018 жылы бұл 358 болса, 2023 жылы 810 өрт оқиғасын құрап отыр", – дейді Сыздықов.
Оның сөзінше 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы өрт 13 пайызға өсіп, залал 8 есе ұлғайған.
Орман кодексіне сәйкес, орман өртін алдын алу және оларды сөндіру министрлер мен әкімдіктердің құзырына кіреді. Бұл үшін олардың өз бөлімшелері бар. Төтенше жағдайлар министрлігі келісім шеңберінде орман өрттерін сөндіру үшін қосымша ресурс ретінде тартылады.
Еске сала кетейік, “Семей орманы” резерваты аумағында былтыр 8 маусымда өрт тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін жетті. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.
Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды. Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. Қаралы оқиғаға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.
Бас прокуратура орман өртінің шығу себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты. ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық