«Бұлай өмір сүру мүмкін емес». Есінен ауысқан сарбаздың анасы мәлімдеме жасады
Суретте Ренат Жеткергенов анасы Айғаным Ізбасаровамен
Қызылорда облысының 19 жастағы тумасы Ренат Жеткергеновтың анасы Айғаным Ізбасарова мәлімдеме жасады. Ол ұлына әлімжеттік көрсеткендерге қарсы қылмыстық іс алға жылжымай жатыр деп шағымданды. Оның айтуынша, Ренатты ұрып-соғып, осындай күйге жеткізген Ақтаудағы 25/744 әскери-теңіз күштерінің сержанттары әлі бостандықта тыныш өмір сүріп жатыр.
Ренаттың жақындары ол әскерден оралғалы үйде тыныштық кетті дейді.
– Дені сау жігітті әскерге жібердік, мүлде бөтен адам қайтып келді. Балам өлген адам сияқты: ешқайсысымызды танымайды, бөтен адамдарды көрсе, жылай бастайды. Осының бәрін көріп, менің жүрегім сыр бере бастады. Жақында жұбайым инфаркт алды. Арал ауданында баламның жанында пәтер жалдап тұрған жерімнен, үйге қайтуға тура келді. Ол облыс орталығынан 800 шақырым жерде. Ренат Қызылордадағы ауруханада қалды, - дейді көзіне жас алған Ренаттың анасы.
Ренаттың үйге қайтып келгеніне екі ай болды. Оның анасы осы уақытқа дейін военкоматтан, ҚР Қорғаныс министрлігінен қылмыскерлердің жазаға тартылғаны туралы жаңалық күтіп келеді.
– Неге біздің военкомат бұл мәселеге ат салыспайды. Неге олар Ақтау теңіз флотында іс қалай жүріп жатқанын сұрап білмейді? Әскерге дені сау жігітті жібердік қой. Ешкімнен жауап ала алмай отырмыз. Оның үстіне қазір отбасымызға психологиялық зорлық-зомбылық жасалып жатыр. Белгісіз біреулер күйеуімнің нөміріне қоңырау шалып, үндемей отырады. Қайта хабарласса тұтқаны көтермейді. Соған қарағанда баламның сержанттары. Осының барлығынан кейін ол мүлде жатып қалды, - дейді Айғаным.
Жеткергеновтер отбасының адвокаты Нұржамал Баянова іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. Ол желтоқсан айының басында ҚР Қорғаныс министрімен кездескен.
– Отырыстың барлық қыр-сырын аша алмаймын, бірақ бұл іске жауаптыларды жұмыстан шеттету және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде тапсырма берілгенін айта аламын, - деді ол.
Еске салсақ, Ренат Жеткергенов Ақтаудағы 25/744 Әскери-теңіз флотында әскери борышын өтеген. Үйге оралған сарбаз өзін ерсі ұстаған. Ол ата-анасын танымай қалған. Жақындары ұлдарының әскерде қорлық көргеніне сенімді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық