Бүйрегін сатып істі болған Ерболат Орынбасаровтың соты қалай болып жатыр
Ақтөбеде бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған атыраулық Ерболат Орынбасаровтың соты басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
27 жастағы азамат қарыздарынан құтылу мақсатында 2024 жылы мамырда Telegram желісіне хабарландыру берген. Бес айдан соң ол Ақтөбеге келіп, «бүйрек саудалаушыдан» 5 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталған.
Тергеу Орынбасаровқа «тірі адамның ағзаларына қатысты заңсыз мәміле жасасу» бабымен айып тақты. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап отыр. Сот алдында өз әрекетіне қатты өкінетінін айтты.
Ерболат Орынбасаровтың сөзінше, «бүйрек сатып аламын» деген әйел оның жол шығынын өтеп, Ақтөбеден пәтер жалдап берген.
Прокурор Әділет Кенжалының айтуынша, бүйрегін саудалаған азаматты «полицияға көмектеспек болған ақтөбелік әйел» ұстап берген.
Кәмелетке толмаған екі баланың әкесі Орынбасаров 2024 жылы 25 қыркүйекте Ақтөбе қаласында ұсталған. Қазір қолхатпен бостандықта жүр.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс негізінде Қазақстанда адам ағзаларын сатып алу-сатуға тыйым салынған, тек трансплантация жасауға рұқсат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық