Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
Фото: oscars.org
Жылдың ең үздік фильмдері мен кинематография саласындағы басты марапаттарды америкалық киноакадемия табыстайды, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы басты жаңалықтардың бірі – Best Casting атты жаңа номинацияның енгізілуі. Бұл 2002 жылдан бері қосылған алғашқы жаңа санат. Сол жылы Оскар сыйлығы аясында «Үздік анимациялық фильм» номинациясы пайда болған еді.
Енді америкалық киноакадемия актерлерді іріктеумен айналысатын мамандардың еңбегін ресми түрде бағалауға шешім қабылдады. Әдетте олардың жұмысы көпшілікке көрінбейтін.
Желтоқсан айында жаңа марапатқа үміткер 10 фильмнен тұратын шорт-лист жарияланған. Номинанттардың соңғы тізімін кастинг-директорлар бөлімшесі арнайы ішкі іріктеуден кейін анықтады.
Сонымен қатар, дауыс беру процесінің ашықтығын арттыру үшін академия жаңа талаптар енгізді. Ұйым мүшелері тек өздері толық көрген фильмдерге ғана дауыс бере алады.
Фильмдерді қарау арнайы Academy Screening Room қосымшасы арқылы бақыланады. Бұл платформа тек академия мүшелеріне арналған. Егер фильм фестивальде немесе жабық көрсетілімде көрілсе, қатысушылар көрген күні мен орнын көрсетуі тиіс.
Осылайша академия формалды дауыс беру жағдайларын азайтып, марапат нәтижелеріне деген сенімді арттыруды көздейді.
Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі Лос-Анджелес қаласында Dolby Theatre театрында өтеді.
Екінші жыл қатарынан рәсімді америкалық танымал комик әрі тележүргізуші Конан О’Брайенжүргізеді.
Биыл ең көп номинацияға ие болған фильмдер:
• Sinners — 1930-жылдардағы Миссисипиде джаз-клуб ашқан егіздер туралы оқиға. Олар бір мезетте нәсілшілдікпен де, тылсым күштермен де бетпе-бет келеді.
• One Battle After Another — басты рөлде Леонардо ДиКаприо ойнайтын саяси драма. Бұрынғы революционер қайтадан жемқор жүйеге қарсы күреске араласады.
• Frankenstein — адам денесінің бөліктерінен тірі жаратылыс жасаған ғалым Виктор Франкенштейн туралы классикалық оқиғаның жаңа нұсқасы.
• Marty Supreme — 1950-жылдардағы үстел теннисі жұлдызы туралы спорттық драма. Басты рөлде Тимоти Шаламе.
• Sentimental Value — отбасылық қарым-қатынас туралы норвегиялық драма.
• Hamnet — Уильям Шекспир отбасы және оның ұлы Хэмнеттің қайғылы қазасы туралы тарихи драма.
• Bugonia — екі конспиролог фармацевтикалық компанияның бас директорын бөтенғаламшарлық деп ойлап, ұрлап кететін комедия.
• F1 — басты рөлде Брэд Питт ойнайтын «Формула-1» спорттық драмасы.
• The Secret Agent — 1970-жылдардағы Бразилиядағы әскери диктатурадан жасырынып жүрген профессор туралы саяси триллер.
• Train Dreams — ХХ ғасырдың басындағы АҚШ-та өмір сүрген жұмысшының жеке трагедиясы туралы драма.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Есіл өзенінде 20 жастағы жігіт қаза тапты: Денесі әлі іздестіріліп жатыр
- Future Games: Қазақстан намысын жалғыз команда қорғайтын болды
- УЕФА мен оған мүше 55 ел ФИФА жарыстары мен Әлем чемпионатына бойкот жариялады
- Зорланғанын айтқан қыздың арызын елемеген полицейлерге сот үкімі шықты
- Bazis-A негізін қалаған Александр Беловичтің ісі бойынша Татьяна Белова түрмеге тоғытылды
- Тоқаев бірқатар судьяларды орнынан босатты
- Тоқаев Ыстықкөлдегі Орталық Азия елдері мен Әзербайжан жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатысады
- АҚШ-та Трамптың портреті бейнеленген паспорттар беріле бастады
- Испания шекарасын бұзған мыңдаған мигрант Еуропаны дүрліктірді
- Трамп ХАМАС-тың толық қарусыздану жөніндегі «тарихи» келісім жасалғанын мәлімдеді
- Елімізде 450 мың оқушыға 23 миллиард теңге қаржылай көмек қарастырылған
- Қытайдың «мұнай жұмбағы»: Тағы да жұмсақ күш танытпақшы ма?
- Армения үкіметі отставкаға кетеді, билік қайтадан Пашинянның қолында қала ма?
- ҰҚК Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді
- КҚК теңіз терминалына дрондар шабуыл жасады: Мұнай тиеу уақытша тоқтатылды
- LRT тамыздан бастап жаңа тарифке көшеді
- Павлодарда пациенттерді ұрып-соғу туралы ақпараттан кейін психикалық денсаулық орталығында тексеріс басталды
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты апелляциялық шағым түсірді
- Таразда көңілдесі қызғаныштан әйелді тұншықтырып өлтірді
- Балқаш жағасында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды