Бұзылған бөгеттерді салған компанияларға қатысты тергеу басталды
Фото: Ашық дереккөзден
Қаржы мониторингі 3 облыста бөгеттерді салған компанияларға қатысты тергеуін бастады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Алматыда ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
«ЖШС» Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын жүзеге асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Ал Ақтөбеде «Магаджан» бөгетін сенімгерлік басқаруға алған ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Анықталғандай, 2014 жылы бұл бөгет балық шаруашылығын жүргізу мақсатында жеке компанияға сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда ЖШС бөгетті күтіп ұстау және қызмет көрсету бойынша өз міндеттерін орындамаған», - деді спикер.
Сондай-ақ Ұлытау облысында да ЖШС лауазымды тұлғаларына сотқа дейінгі тергеу басталды. ЖШС көктемгі су тасқыны кезінде жақын маңдағы аумақтарды шайылып кетуден қорғау үшін Жезді өзеніне санация жүргізу үшін ұзындығы 2 шақырым, жалпы сомасы 485,5 млн теңгеге мемлекеттік мекемемен шарт жасасқан. Алайда ЖШС 282,5 млн теңгеге жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын нақты орындамаған. Салдарынан 26 үй су астында қалып, 174 адам эвакуацияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық