БҰҰ: Украинада жантүршігерлік әскери қылмыстар жасалды
Сурет: dw.com
БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық комиссиясы 4 жастан бастап балалар мен 82 жасқа дейінгі қарт адамдарға жыныстық зорлық-зомбылық жасау фактілерін тіркеді.
БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық комиссиясы Украина елді мекендерінде жүргізілген тергеуден кейін кейбір мәліметтерді жариялады. Сарапшылардың қорытындылары жан түршігерлік.
Ұйым сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, тергеу Киев, Чернигов, Харьков және Сумы облыстарында жүргізілген. Украинаның бұл аймақтарында комиссия әскери көптеген қылмыстарды тіркеді. Комиссия өкілдері 27 қала мен елді мекенді аралап, 150-ден астам жәбірленушілер мен куәгерлерден сұхбат алды. Олар қирау орындарын, бейіттерді, қамау және азаптау орындарын, сондай-ақ қару-жарақ қалдықтарын аралап, көптеген құжаттармен және есептермен танысты.

«Комиссия жинаған дәлелдер Украинада әскери қылмыстар жасалғанын көрсетеді» деп Украинадағы құқық бұзушылықтарды тергеу комиссиясының төрағасы Эрик Мёсе мәлімдеді, Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің отырысында бүгін Ресейдің Украинаға басып кіргеніне тура жеті ай өткенін еске салып.
Өлім, азаптау және зорлау
Комиссия мүшелері өлім жазасына кесу, азаптау, қатыгездік және жыныстық зорлық-зомбылық жағдайларын анықтады. Қылмыс құрбандарының арасында балалар да бар. Комиссия туыстарының көзінше жақындарының өлтірілгенін немесе зорлануын көруге мәжбүр болған жағдайларды анықтады.
— Біз зерттеген жағдайларда жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарының жасы 4 пен 82 жас аралығында болды, - деді Эрик Мёсе.
Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларын олар барған аймақтардағы өлім жазасына кесілгендердің көптігі таң қалдырды. Олар мәйіттерден азапты өлім іздерін көрді - «мысалы, артына байланған қолдар, басына оқ тиген жарақаттар және бауыздалған адамдар». Комиссия қазір 16 қала мен елді мекенде өлім жазасына кесілген жазалар боййынша тергеу жүргізіп жатыр.

Әсері ауқымды қарулар қолданылған
Украинаға сапары барысында комиссия мүшелері халық көп шоғырланған жерлерде жойылу аумағы кең жарылғыш құрылғыларды қолдану салдарын өз көздерімен көрді. Олар тұрғын үйлер мен басқа да азаматтық инфрақұрылымдардың, соның ішінде мектептер мен ауруханалардың жаппай қирағанын құжаттады.
— Біз жарылғыш қаруды қолданудан тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға, соның ішінде мектептер мен ауруханаларға келтірілген залалды өз көзімізбен көрдік. Харьковте қаланың тұтас аудандары жарылғыш қарудан жойылған, - деді Эрик Мёсе.
Ол осы қауіпті қаруды қолданып атқылау салдарынан украиналық бейбіт тұрғындардың көпшілігі қаза тапқанын айтты. Бұл жаппай қоныс аударудың негізгі факторларының біріне айналды - украиндықтардың үштен бірі үйлерін тастап, босып кетті.
Орыс жауынгерлеріне қатыгездік көрсету жағдайлары
Комиссияға ақпан айының соңынан бастап Киев, Чернигов, Харьков және Сумы облыстарының аймақтарында орын алған барлық оқиғаларды тексеру тапсырылды. Комиссия мүшелері Украина қарулы күштерінің ресейлік сарбаздарға қатыгездік көрсеткен екі жағдайын анықтады.
— Мұндай істердің саны аз болғанымен, олар әлі де біздің назарымызда, - деді Комиссия басшысы.
Комиссия Украинада да, Ресей Федерациясында да орналасқан мекемелерде заңсыз ұстау жағдайында азаптаулар мен қатыгездік көрсету туралы хабарламалар алды.
Мёсе әріптестерімен бірге Украинаның төрт аймағында тергеуді жалғастыратынын айтты. Жақын арада олар «сүзу лагерлері», «адамдарды мәжбүрлеп көшіру», сондай-ақ «жылдам бала асырап алу рәсімдері» туралы есептермен айналысатын болады.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты